Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Алаң 842 0 пікір 31 Наурыз, 2025 сағат 13:45

Каспий теңізін қалай сақтап қалуға болады?

Сурет: Kazgazeta.kz сайтынан алынды.

Каспий теңізінің деңгейін орнына келтіріп сақтап қалудың бірден бір амалы Дон өзенінің Азов теңізіне құяр тұсы мен Каспий теңізінің арасындағы Маныч тектоникалық жырындысын тереңдетіп қазып, Азов теңізі мен Дон өзенінің суын Каспий теңізіне тікелей құю деп ойлаймын.

Маныч тектоникалық жырындысы 40-50 мың жылдың алдында Каспий мен Қаратеңізді қосып тұрған ашық теңіз болған екен. Африка құрылығының солтүстікке жылжуының нәтижесінде қысылып жабылып қалған екен. Алайда тектоникалық жырынды құрылымы әлі де сақталып тұрған, бірталай жерлерінде терең көлдер мен арналар сақталып қалған. Сондықтан оны қазып кеңейтіп қайта ашу көп қиындық тудырмайды.

Каспий теңізі деңгейінің түсіп кетуі Арал теңізі апатынан да жойқын апат тудыратыны сөзсіз. Кәспи өңірі қазірдің өзінде су мөлшері ащ қағыр өңір, ал теңіз тартылса ол өңір тіпті де қағырланып адам өмір сүруі мүмкін болмай қалатыны белгілі. Теңіз деңгейінің төмендеуі булану мөлшерінің судың келу мөлшерінен артып кетуінен болады. Жалпы қылыматтың жылынуынан, ауа температурасының көтерілуіне байланысты булану мөлшері де арта беретіндіктен Каспийдің деңгейінің төмендеуі үдей түседі. Керісінше Каcпийге келетін судың негізгі қайнарлары өзен суларының ағым мөлшері күннен-күнге күрт азайып барады. Сондықтан артық булану мөлшерінің компенсациясы ретінде алуға болатын су көзі тек қана Дон өзені және Азов теңізі арқылы келетін Қаратеңіздегі теңіз суының қосындысы болып тұр.

Азов теңізі мен Қаратеңізге Жерорта теңізі арқылы мұхит сулары ағып кіреді, сондықтан ондағы су деңгейі жылдан жылға жоғарылап жатыр климаттың жылынуына байланысты. Каспий теңізінің қазіргі деңгейі Қаратеңізден 28 метр төмен. Егер тікелей канал қазылса Дон өзенінің суы араласып өз ағысымен Каспий теңізіне ағып кіреді. Ал Каспи теңізінің құрғауы Ресейге де үлкен экологиялық апат болатындықтан, бұл шараға Ресей де ат салысады деп ойлаймын.

Бұл каналдың екінші пайдасы, Каспий теңізінен Қаратеңізге тіке шығатын су жолы ашылады. Бұл судың негізгі қайнары Дон өзеніндегі тұщы су болғандықтан Каспий теңізінің экологиялық жүйесіне ешқандай кері әсері болмайды.

Өркен Тоқтарұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 464
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2140
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1817
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 953