Жұма, 16 Мамыр 2025
Жаһан жаңғырығы 917 0 пікір 4 Сәуір, 2025 сағат 17:08

ОПЕК+ мұнай өндіруді ұлғайтпақ

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

ОПЕК+ елдері қара алтын өндірісін арттыру рекордтық деңгейге жеткенін мәлімдеді.

Бұл соңғы 5 жыл ішіндегі көрсеткіш. Ақпаратқа сүйенсек, әлемдегі 23 мұнай экспорттаушы ел өндіріс қарқынын күрт жеделдетуге ниетті екенін жеткізген.

Мамыр айынан бастап ОПЕК+ негізгі мүшелері, атап айтқанда Сауд Арабиясы, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт және Ирак қара алтын тасымалын тәулігіне 411 мың баррельге жеткізбек. Бұл 2020 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Осы уақытқа дейін нарыққа күн сайын небәрі 138 мың баррель, яғни үш есе аз шикізат шығарылады деп жоспарланған.

Айта кетейік, Трамтпың салықтық қысымы мұнай нарығына да теріс әсер етті. Бір күнде қара алтын құны 3 пайызға төмендеп кетті. Қазір Brent маркасының бір баррелі 69 доллар 76 центке саудаланса, WTI құны 66 доллар 56 центке сатылып жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2665
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4346