Жексенбі, 13 Сәуір 2025
Шолу 1309 0 пікір 8 Сәуір, 2025 сағат 13:20

АҚШ-Иран текетіресі: Тегеран ұрысқа дайын ба?

Сурет: zn.ua сайтынан алынды.

Бүгін Abai.kz ақпараттық порталы оқырмандарының назарына әлем жаңалықтарынан шолу ұсынбақпыз...

Сурет: ammiac.com сайтынан алынды.

РЕСЕЙ, ИРАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ ТАЛҚЫЛАЙДЫ

Бүгін Ресей, Қытай және Иран арасындағы Иран ядролық бағдарламасы мәселелері бойынша үшжақты келіссөздер Мәскеуде өтеді, деп хабарлады Иран СІМ ресми өкілі Эсмаил Багаи.

Тұрақты брифингте: «Бүгін немесе ертең Мәскеуде үш ел форматындағы кезекті кездесу өтеді, онда Ресей, Қытай және Иран ядролық бағдарламаға, Бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспарына және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2231 қарарына байланысты түрлі мәселелерді талқылайды», - деп мәлімдеді дипломат.

Бұған дейін, 14 наурызда Бейжіңде үш елдің сыртқы саясат ведомстволары басшыларының орынбасарлары деңгейінде ядролық тақырып бойынша консультациялар өткен болатын. Кездесу қорытындысы бойынша Ресей СІМ қатысушылардың келіссөздер арқылы «өміршең және ұзақ мерзімді шешімдерді» іздеуге ден қоюға келісті деп хабарлаған еді.

Сурет: bbc.com сайтынан алынды.

РЕСЕЙЛІК ҚАРУДАН ҮНДІ КОМПОНЕНТТЕРІ ТАБЫЛДЫ

Ресей қаруында алғаш рет үнді өндірісінің компоненті табылды, деп хабарлады Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы.

Ведомство РФ қаруының алты түрінде қолданылатын 200-ге жуық жаңа бөлшектер мен компоненттер туралы мәліметтерді жария етті, оның ішінде ресейлік «Шахед» үлгісіндегі ҰҰА CRP-антеннасы, Солтүстік Кореяның KN-24 баллистикалық зымырандары, «Кинжал» Х-47 зымыранындағы компьютер, Supercam S350, «Гербер» және Zala дрондары бар. Атап айтқанда, «Герань-2» ұшқышсыз ұшақтарына арналған CRP-антенналардан тек екі америкалық чип табылды.

«Бұл РФ-ның оған қарсы санкциялар енгізген елдердің құрамдас бөліктеріне тәуелділікті азайтуға талпынысын айғақтайды», - деп түсіндірді Бас прокуратура.

Бұдан басқа, барлаушылар 2025 жылы Украинаға шабуыл жасаған «Шахедтерде» қытай тілінде таңбаланған жаңа кедергіден қорғалған антенналар пайда болғанын анықтады. Осындай антенналардың бірінде 15 компоненттің тек екеуін америкалық Texas Instruments және Linear Technologies компаниялары өндірген. Басқа көптеген бөлшектер Қытайда жасалған.

«Ресейлік қарудан алғаш рет Үндістан өндірісінің компоненті - Aura Semiconductor компаниясының тактілік буфері табылды», - делінген хабарламада.

Сурет: bezformata.com сайтынан алынды.

ИРАН МЕН АҚШ ТЕКЕТІРЕСІ: ТЕГЕРАН ҚАТАҢ ЖАУАППЕН ҚОРҚЫТТЫ

Иранға қарсы кез келген сыртқы агрессия елдің Қарулы Күштері тарапынан қатаң соққыға ұшырайды. Бұл туралы Ислам Республикасы СІМ ресми өкілі Эсмаил Багаи АҚШ пен Израиль ресми тұлғаларының Иран ядролық нысандарына соққы беру мүмкіндігі туралы мәлімдемелеріне түсініктеме беру жөніндегі өтінішіне жауап ретінде мәлімдеді.

«Иран Ислам Республикасының қарулы күштері кез келген қауіп-қатерге қарсы тұру қабілетін ұдайы жетілдіреді. Біз елімізге қатысты кез келген шабуыл мен агрессияға бар күшімізбен жауап береміз. Иранға қауіп төндіретіндер, егер бұл қауіп-қатерлер іске асырылса, олар дереу жан-жақты жауап алатынын білуге тиіс», - деді дипломат апта сайынғы брифингте. «Ислам республикасына қатысты кез келген қауіп-қатерге қатаң жауап беріледі», - деп сөзін толықтырды.

Бұған дейін Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац палестиналық ХАМАС қозғалысының басшылығын Иранмен тікелей байланыста болды деп айыптаған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1841
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4653
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3694