1 жылда Қазақстанға 2,8 млн турист келген

Туризм министрлігі: Біз еліміздің ұлттық парктерінде экотуристер санының тұрақты өсуін көріп отырмыз. Бір жыл ішінде 2,8 млн адам келді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде Алматы тау кластерін дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленді. Оның негізгі міндеті – тау туризмін дамыту.
Жоспарды іске асыру нәтижесінде ұзындығы 150 шақырым болатын әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курортын салу жоспарланған. Жаңа курорт жылына 5 млн-ға дейін туристерді тарта алады деп күтілуде.
Кешенді жоспардың тағы бір жобасы «Маңғыстау» туристік аймағын дамытуға бағытталған. Ол бойынша Тұзбайыр, Қызылқұп, Торыш, Айрақты сияқты бірегей орындарға қол жеткізуге болады және жаңа нысандардың ашылуына жағдай жасалған.
Сонымен қатар экотуризмді ілгерілету мақсатында Ұлттық саябақтарды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Соңғы жылдары базалық инфрақұрылымы бар 8 туристік визит-орталық салынды.
«Біз еліміздің ұлттық парктеріне келген экотуристердің тұрақты өсуін байқап отырмыз. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 14 ұлттық паркке 2,8 млн адам барып, келушілердің саны 2023 жылмен салыстырғанда 18%-ға өсті. Артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін әрбір ұлттық паркті негізгі туристік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және жаңа сапар-орталықтарын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар барлық ұлттық парктерде Бурабайдағы секілді кіру жүйесін цифрландыру қажет», — деп атап өтті туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Осындай жұмыс туризмнің әртүрлі түрлерін дамыту үшін басқа өңірлерде де жүзеге асырылады. Әсіресе, туризмнің этно-мәдени, балалар мен жасөспірімдер, медициналық, сауықтыру, іскерлік, караванинг және автотуризм секілді түрі басымдыққа ие.
Abai.kz