Жексенбі, 13 Сәуір 2025
Жаһан жаңғырығы 1241 0 пікір 9 Сәуір, 2025 сағат 13:22

АҚШ пен Канада арақатынасы суып барады

Сурет: travelask.ru сайтынан алынды.

«Егер ертең сіздің қалаңызда жарық атаулы еш ескертусіз, не болмаса, техникалық ақаусыз, не болмаса, табиғи апатсыз, немесе, лаңкестік әрекетсіз, тек күні кешеге дейін сіздің ең үлкен одақтасыңыз болған көршіңіздің шешімімен сөніп, қалаңызды қара түнек баса қалса – сіз не істер едіңіз?»

Дәл осындай сөздер Америка Құрама Штатында айтылып жатыр. Өйткені, Америкаға экспортталатын электр энергиясына 25% баж салығын енгізу туралы АҚШ‑тың шешімінен кейін, Канаданың премьер‑министрі Марк Карни және Канаданың ең өнеркәсіптік дамыған Онтарио провинциясы басшылығы осыған байланысты былай деп мәлімдеді:

«Егер Ақ үй тарифтер енгізуді жалғастыра берсе, біз еш ойланбастан энергия жеткізуді тоқтатамыз — бұл АҚШ-ты жарықсыз қалдыру деген сөз. Расында, Канада жылдар бойы өзін Солтүстік Американың энергетикалық жүрегі ретінде байқатпай көрсетіп келген. Канада АҚШ-қа 70 миллиард АҚШ доллары көлемінде мұнай, 9 миллиард текше метр сұйытылған табиғи газ жеткізіп отырды. Сонымен қатар, ондаған америкалық штаттардың үйлері, кәсіпорындары мен ауруханаларын қуатпен қамтамасыз етіп отырған Канададағы ірі гидроэлектр станцияларынан да электр энергиясы жеткізіледі».

Дональд Трамптың екінші мерзімі кезінде басталған сауда соғысы ушығып жатыр: алғашында бұл болат пен алюминийге қойылған тарифтер болды; кейін бұл ауыл шаруашылық өнімдері мен шетелдік техникаларға қарсы шаралар легіне айналды. Көптеген адамдар үшін бұл жай ғана «ұлттық мүдде» болса, басқалар үшін — «әлемге экономикалық бақылауды қайта орнатуға тырысу» деп бағалануда.

Бірақ Канадаға бұл күтпеген жерден шапалақпен соққандай әсер етті. Сөйтіп, Онтарио қарсы қадам жасауға бел буды. Себебі Онтарио — жай ғана провинция емес, бұл Канада сияқты алып мемлекеттің өнеркәсіптік қозғаушы күші: мұнда энергетика, автокөлік жасау, технология және инновация орталықтары орналасқан. Канадада «Онтарио сөйлесе — Канада тыңдайды, Онтарио әрекет етсе — әлем сезеді» деген сөз бар.

Канадалық электр қуаты Америка Құрама Штаттарының солтүстік-шығыс бөлігінің қан тамырларымен ағып жатыр. Нью-Йорк, Мичиган, Иллинойс секілді штаттар мен Жаңа Англияның кейбір аудандары осы энергияға тәуелді, бұл — өндірістің, мектептердің және үйлердің жұмыс істеуі үшін маңызды. Энергия жеткізілімін тоқтату, немесе, бағасын арттыру  жай ғана ыңғайсыздық емес, бұл ‑ апат!

Канада бүгін «партнерлік шеңберде келісіп алу» деп Трамптан сұраудан шаршады. Сондай-ақ, Вашингтонның жаңсақ шешімдеріне тәуелді болудан да қажыды. Ендеше, Канада елінің тізгінін ұқыпты әрі оқыған‑тоқыған, технократ премьер-министр Марк Карни ұстаған кезде — Канада шахмат ойнай бастады, ал Трамп болса «покер» ойнап отыр. Бұл ойында триггер — электр қуаты болды.

Енді Онтарио жәй ғана тетікті басқан жоқ — нақты іске көшті. Солтүстік Американың энергетикалық картасына көз жүгіртсеңіз, ол АҚШ үшін жағымсыз шындықты көрсетеді: американдықтар тұтынатын мұнайдың жартысынан астамы Канададан жеткізіледі, табиғи газ жерасты шекараларынан өтіп, қатты қыс мезгілінде үйлерді жылытады, ал канадалық гидроэнергия — таза, тұрақты және арзан. Енді ол тіпті аса құнды бола түсті – өйткені, ұзақ жылдар бойы АҚШ өзара тәуелділікті өзара бақылаудың синонимі ретінде қабылдады. Бірақ Онтарио енді мінез көрсетті — өзара тәуелділік те қаруға айнала алады екен, әсіресе, шын мәнінде  тәуелді деп есептеп келген кешегі серіктесің өзіңді ескертпей, өз білгенімін «қосқышты» басып тұрса...

АҚШ-тың ақпарат құралдары бұл энергетикалық қауіптің шын не жасанды екенін талқылап жатқанда, немесе, өзара ескертулер жариялап жатқанда ‑ Канада шынымен энергияны жеткізуді тоқтатса, онда электр энергиясының өшірілуі орын алуы мүмкін деген болжам айтыла бастады. Бұл жағдайда ауруханалар шамадан тыс жүктеліп, мектептер жабылып, өнеркәсіп тоқтап қалар еді. Энергия жетіспеушілігінен туындайтын мұндай «хаос» — осыған дейін жалғасқан «канадалық сыпайылықтың ақыры» болар еді деп мәлімдеді Онтарио.

Бұл тек Марк Карни мен оның кеңесшілері мұқият жасап шыққан кең ауқымды жоспардың бастауы ғана! Ал, олардың көпшілігі — халықаралық қаржы орталықтарынан шыққан, өз ісіне жетік мамандар...

Осылайша, Канада АҚШ-тың сателлитінен дербес державаға айналуда. Онтарио батыл түрде былай деді: «Біз бұдан былай өзімізді АҚШ‑тың атқорасы санауға шыдамаймыз!». Яғни, бұл сөз «Егер, Канадаға қарсы АҚШ қатаң экономикалық саясат жүргізуді жалғастырғысы келсе ‑ Канада да дәл солай қатты әрі шешімді әрекет ете алады» дегенді білдіреді.

Әбдірашит Бәкірұлы, сарапшы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1844
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4654
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3699