Сауда соғысы: Қытайдың алғашқы жеңісі

Өткен аптада АҚШ пен Қытай сауда соғысының шырқау шегіне жеткені белгілі. Трамп басқа елдерге салынған аталмыш тарифтерін 10 пайыздық шекпен 90 күнге шегерді де, Қытай тауарынан алынатын тарифті 145 пайызға бір-ақ көтерді.
Сөйтіп өзінің түпкі мақсаты өзге елдерді өз жағына тартып, Қытайды тұқырту екенін пәш етті. Трамптың Ақ үйге қайта оралғаннан бергі әр жүрісін бақылап отырған Қытай билігі босаңсудың әлсіздік болып сезілетінін жете түсініп, қатаң жауап берді. АҚШ тауарларына 125 пайыздық тариф белгілеп, «әрі ойна» деді.
Былтырғы Америкадағы президент сайлауында Трамптың қолдағандардың басым бөлігі құрама штаттың батысы мен солтүстігіндегі фермерлер еді. Қытай жаңа шешімінде бірден АҚШ дихандарының соя бұршақ, жүгері қатарлы дәнді дақылдарын, тауық, шошқа еттерін елге кіргізуге тыйым салды. Алдынығы жолы Трамппен болған сауда соғысында Қытай осы тактиканы қолданған еді. Қытай алыстағы Аустралиядан, болмаса қасындағы Қазақстаннан бұл өнімдерді еркін импорттай алады. Керісінше бұл шешімнің қазіргі маусымдық науқан кезінде АҚШ фермерлеріне қай жақтан болсын, (болашаққа, Трамптың саясатына сенім) қатты соққы болып тинені анық.
Бүгінгі ғаламтор заманында, виртуалды өмірдің дәстүрлі тұрмыс қатынастарының орынын басып, негізгі ағымға айналғаны белгілі. Зерделі қалталы телефондар мен ноутбуктер мейлі тұрмыста, жұмыста болсын, кем болса болмайтын затқа айналды. Американың ауылдағы фермерінен тартып, Ню-Йорктегі инверторларына дейін онсыз өмір сүре алмайды.
Осындай жаңа технологияларға қажетті бөлшектердің Қытайда өндіріліп, болмас құрастырылып, әлемдік нарыққа жүйеден АҚШ нарығына бет алатыны белгілі. Қытайдың кезекті жоғары тарифы тұрмыстық және әскери салада қолданылатын чип, жартылай өткізгіштердің бағасының аспандауына әкеліп соқты. АҚШ тың айфон қатарлы брендтерінің бағасының қымбаттайтыны қор биржалары мен сайлаушы халық арасында үлкен толқу тудырды. Қауіпты сезген Трамп Қытай да құрастырылатын, өндірілетін 20-ға жуық жоғары технология тауарларынан 145 пайыздық тарифті алып тастады, кедендік салықтан босатты. Бұл – ақпанда басталған тариф соғысындағы Қытайдың алғашқы жеңісі еді.
Қытай билігі бұнымен ғана шектеліп отырған жоқ. Өзге елдерге Трамптың тариф соғысына ілесіп, Қытайдың экономикалық мүддесіне зиян келтірсе, қатаң жауап беретінін ескертті.
Осы мақсатта Қытай басшысы бүгін Малайзия, Вьетнам, Камбоджаға сапарын бастайды. Бұл мәлімдемені таратудың алдында Қытай тарабы Ақ үйге қайырылып, Қытай тауарына салынған барлық тарифты алып тастауға шақырды. Трамптың көзсіз сауда соғысы «дамушы елдердің экономикасына тұсау салды» деді.
Қытай тарабы Ақ үйге қарсы экономикалық одақтастар құру сияқты сыртқы амалдардан бөлек, Трамптың АҚШ өндірісін дамыту жоспарына қарсы кезекті санкциясын жариялады. ұшақ пен машина жасауға қажетті ең керекті бөлшектер жасалатын сирек металдармен химиялық заттарды Қытайдан АҚШ-қа жасырын жеткізуге, экспорттауға тыйым салды. Сарапшылар бұл шараның да Американың авиа, машина өндірісіне әсері айтарлықтай болады дейді.
Abai.kz