Сәрсенбі, 16 Сәуір 2025
Аласапыран 258 0 пікір 16 Сәуір, 2025 сағат 13:54

Жаңа геосаяси қауіп: Төрттіктің текетіресі...

Сурет: dzen.ru сайтынан алынды.

Путиннің 2022 жылы 24 ақпанда Украинаға ашқан соғысы Еуропаны ұйқыдан оятты. Жүйеден әлем елдері де екіге жарылды. Украина - еркіндікті, демократияны қорғаудың символына айналды. Ресей болса - өткен ғасырлардағы империялық басқыншылықтың қайта тірілген қорқынышты елесіндей бағаланды.

Америка бастаған НАТО елдері стратегиялық мүддесі тұрғыдан Украинаны қолдаса, өзге елдер әр түрлі жол таңдады. АҚШ-тан кейінгі экономикасы қуатты ел - Қытай Ресей жағына шықты. Көрініске бейтарап майдан ұстанған сияқты көрінгенімен, Батыс санкциясынан әлемнен оқшауланған Ресейдің басты сауда әріптесіне айналды. Еуропа мен АҚШ күні бүгінге дейін Қытай билігін Ресейге астыртын көмек беріп келеді деп айыптаумен келеді.

Трамп Ақ үйге келгеннен кейін үш жылдан бергі қалыптасқан жоғарыдағы геосаяси қарым-қатынастар өзгере бастады. Трамп Байден сияқты Ресейді оқшаулау саясатын емес, халықаралық аренеға қайта тарту бағытын ұстанды. Еуропалық әріптестерінің қарсылығын елеп жатқан жоқ. Ол сонымен бірге, Қытайға сауда соғысын күшейтіп, Қытай тауарынан тарифті тарихта болмаған деңгейге көтеріп, ашық қарсылыққа көшті.

Көріп отырғанымыздай әлемнің қазіргі геосаяси бейнесі АҚШ пен Қытайдың, Еуропа мен Ресейдің теке-тіресіне айналып келе жатыр.

Еуропа мен Ресейдің қақтығысы Украина мәселесінде айқын көрініс тауып отыр. Украинаны қойып, Финландия, Балтық теңізі республикалары Ресеймен шекарасына мина көміп тастады. НАТО төрағасы күні кеше Трамптың Путинмен бейбітшілік келісіміне келіп, соғысты тоқтатамын деуінің қиын шаруа екенін ашық айтты.

Қытай төрағасының Вьетнам, Малайзия, Камбоджаға сапары кезінде АҚШ пен Флиппин әскері бірлескен әскери жаттығуды бастады. АҚШ пен Қытайдың сауда соғысы ушығып, әскери қақтығысқа ұласса, Тынық мұхит аймағы мен Қытайдың Оңтүстік теңіз алабы соғыс алаңына айналады деген сөз.

Ресей мен Украина соғысы келіссөздердің басталғанына қарамастан тоқтаудың орнына ушығып барады. Орыс әскері шабуылды үдетіп жатыр. Кремль Трамптың тариф саясатының әлем елдерін әңкі-тәңкі еткенін жақсы түсініп отыр. Соғысты ұзарта түсуге таптырмайтын орай екенін пайымдап жанталасуда.

Қытай да АҚШ-қа жылы қабақ танытпауда. Алдында ғана Сыртқы істер баспасөзі: "АҚШ-пен кез келген соғысқа дайынбыз", - деп мәлімдеген еді. АҚШ пен Қытай, Еуропа мен Ресей қақтығысы ушықса дүниежүзілік үшінші соғысқа алып келуі мүмкін.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1955
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4783
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3942