Сәрсенбі, 23 Сәуір 2025
Жаңалықтар 207 0 пікір 23 Сәуір, 2025 сағат 13:33

Зияткерлік мектепте кітап сыйлау акциясы өтті

Сурет: Семей қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен алынды.

Ілімнің бар асылы сақталған кітап – адамзат ақыл-ойының асыл қазынасы, жүрекке жол табатын тәрбие құралы, ойды ұштап, қиялға қана бітіретін шексіз әлем. Хакім Абай атамыздың «Артық білім – кітапта, ерінбей оқып көруге» - деген нақыл сөзінің астарында қаншама тағлымы мол терең ой жатыр. 

Бүгін 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні. Сондай-ақ бүгін елімізде алғаш рет Ұлттық кітап күні аталып өтіледі. Осы атаулы күндерге орай Семей қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде желілік «Кітап әлемді бағындырады» акциясы өтті. Акция аясында 300-ден астам оқушы мен мектеп қызметкері бір-біріне кітап сыйлады.

Жоба барысында әрбір қатысушы мектеп кітапханашысына ғана белгілі арнайы бекітілген нөмерге ие болады. Осы арқылы оқырмандар құпия түрде кітап сыйлығын дайындайды. Акцияның ең ерекше һәм қызықты тұсы да осында. Мектеп алаңында нөмер арқылы бір-бірін іздеген ұстаздар мен зияткерлер мәре-сәре болып, кітаппен алмасады. Кітап сүйер қауымның айтуынша, аталмыш күнді әр жыл сайын асыға күтеді.

Мұнымен қоса, зияткерлік мектепте жүйелі түрде «100 кітап», «Bookcrosing», «NIS бірге оқиық» атты оқырманды кітап оқуға шақыратын жобалар қатары жетерлік. Атап айтқанда, осы оқу жылында мектеп қауымдастығы «Bookcrossing» жобасы аясында 540 кітап жинап, Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданы білім бөлімінің «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебіне» табыстаған болатын.  Ал NIS бірге оқиық» жобасы бойынша ай сайын отбасылық оқырмандар клубының отырысы түрлі форматта ұйымдастырылады.

Басты мақсат – барша мектеп қауымдастығын кітап оқуға ынталандырып, оқырман мәдениетін қалыптасыру. Оқуға деген махаббат бала кезден басталуы тиіс. Ал мектеп – сол махаббатты оятатын ең алғашқы орда. Кітап арқылы әлемді бағындыру – әр оқырманның қолында!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2175
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5074
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4314