Сәрсенбі, 23 Сәуір 2025
Жағымды жаңалық 358 0 пікір 23 Сәуір, 2025 сағат 13:41

Қазақ фильмі халықаралық байқауда топ жарды

Сурет: aqshamnews.kz сайтынан алынды.

Қазақ фильмі халықаралық байқауда топ жарды. Отандық киноиндустрияға олжа салған туындыны белгілі каскадер, режиссер әрі актер Ғалымбек Қаратүрік түсірген. Бұл туралы «aqshamnews.kz» сайты жазды.

Шығыс Европадағы ең танымал байқауда 200-ден астам шығарма бақ сынаған. Үш айдан астам іріктеу жүргізілген фестивальде «Тұтылған жарық» ең үздік қысқа метражды фильм деп танылды. Туындының режиссері Ғалымбек Қаратүріктің айтуынша,  сценарийі шынайы оқиғаға негізделген.

Фильмде бас кейіпкерді каскадер Еділ Сымағұлов ойнаса, қосалқы рөльдерді кәсіби актерлер сомдаған.

Сурет: aqshamnews.kz сайтынан алынды.

Туынды күндіз көзі көрмейтін, түнде ғана көретінбарымташының баласы туралы. Оның ұлы да тура өзі сияқты болып дүниеге келіп, әкесінің жолын қуады. Көзі де түнде ғана көреді. Ақырында әкесімен бірге опат болады. Көздің бұл ауруы ғылымда «ахроматопсия» деп аталады. Cоған байланысты фильмнің атауы «Тұтылған жарық» деп қойылған.

Сурет: aqshamnews.kz сайтынан алынды.

«Бұл фильмнің негізгі айтар ойы не жасасаң – сол алдыңнан шығады. Бұл дүниеде жақсылық жасаған адамның өмірінің соңы жақсылықпен, жамандық жасаған адамның өмірінің соңы жамандықпен аяқталатыны көрсетіледі. Табиғат құбылыстарымен байланысты да халықтық философиялық детальдар көрініс табады. Мысал үшін күннің тұтылуы, жалғыз құстың жарыққа қарай ұшып бара жатуы деген сияқты көріністер бар», - дейді Ғалымбек Қаратүрік.

Сондай-ақ ол Қазақ киноиндустриясы үшін бірнеше іргелі жобаларды қолға алып жатқанын, жақында жариялайтынын да айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2175
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5074
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4314