Мәдени мұралардың Ұлттық тізімі қайта қаралды

Қазақстанда материалдық емес мәдени мұра объектілерінің элементтерінің Ұлттық тізімі қайта қаралды.
Қазақстанда материалдық емес мәдени мұра элементтерінің Ұлттық тізімі артты. Бұл туралы Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева баяндады.
Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің Ұлттық тізімін қайта зерделеу нәтижесінде, бұған дейінгі 45 элементтің санын 79 элементке дейін арттырды. Қазіргі кезде Қазақстанның атынан Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне 14 элемент енгізілген.
Бүгінде еліміздегі тарихи-мәдени мұра объектілерінің саны 25 мыңнан асады.
Атап айтқанда, республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінде 265 ескерткіш болса, жергілікті маңызы бар 12 мыңнан аса тарихи және мәдени ескерткіші тіркелді. Қазіргі кезде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізімінде еліміздің 10 тарих және мәдени ескерткіші бар.
Abai.kz