Қытайдың АҚШ-қа қарсы бес қаруы

АҚШ президенті Трамп сейсенбі күні Қытай тауарларына салынған 145, 245 пайыздық тарифтердің өте жоғары екенін алға тартып, оны 50 мен 65 пайыз арасына түсіруге емеурін білдірді.
Трамптың аяқ-астынан жұмсаруына оның алдында ғана Walmart бастаған Американың әйгілі супермаркеттер желісі басшыларымен кездесуі себеп болған екен. Олар Трампқа тариф соғысының қарапайым америкалықтардың тұрмысына қалай әсер етіп жатқанын түсіндіріпті. Бұлай кете берсе арты жаман болатынын жеткізіпті.
Одан бөлек Трамп АҚШ Федаралды резерв бастығы Джерома Пауэлланы орнынан аламын деген райынан да қайтқанын тілшілерге айтты. Мұның артында АҚШ Орталық банкіне әкімшілік тұрғыдан килігудің салдары ауыр болатынын, долларға сенімділіктің құлдырауына алып келетінін қайта пайымдау жатқаны анық.
Сарапшылар Қытайға сауда соғысын ашқан Трамптың бастапқы арынынан бәсеңдеуіне сауда әріптесінің бұрыннан негізі қаланған бес қаруы себеп болып отыр деп қарайды.
Трампты тұқыртатын экономикалық көзірлер мынау екен:
Бірінші - әлемдік сирек металл нарығы Қытайдың уысында. АҚШ-тың өзі заманауи қаруға істететін чиптер шикізатының 80 пайызы Қытайдан келеді екен.
Екінші - АҚШ мемлекеттік займын ең көп сатып алушы Жапония болса, одан кейінгі орында Қытай екен.
Үшінші - Қытай болашақ технологияларға ең көп инвесция салған ел. Қытай билігі алдағы жылдары ЖИ дамытуға деп бір триллон доллар бөлген.
Төртінші - Ххалық санының көптігі ішкі сұраныс экспорттың олқылығын толықтап отырады.
Бесінші - Трамптың алдынғы жолғы саясатынан тәжірибе жинап, сақадай сай болып отыруы.
Трамптың тариф соғысын ашқалы-бергі қырық құбылған әрекетінің астарында Қытайдың жоғарыдағы басымдықтарының ықпалы бар екен.
АҚ үй баспасөз хатшысы тарифті төмендету екі тараптың келісімімен болып жатыр десе, Қытай тарап арада келіссөз басталғанын жоққа шығарып отыр.
Трампқа Қытай тауарының орынын басатын әріптес табу оңай болмай отыр. Еуроодақ пен Қытай Шынжаң лагеріне байланысты туған санкцияларды алып тастауға, байланысты реттеуге күш салып отыр. Ол сәтті шешілсе, Еуроодақ Қытайға жылына 100 миллиард еуро қаржы құйып отырмақ. Трамптың Қытаймен келіссөз бастаудан басқа жолы қалмай тұр.
Abai.kz