Қазақ анимациясын қалай дамытамыз?

Қазақ анимациясы тек техникалық тұрғыдан емес, мазмұн мен идея жағынан да ұтылып жатыр ма?
Бізде бүгінде анимация туындылары - аз, онша танымал емес. Қазір ауадай қажет продакшн, постпродакшн және менеджмент салаларын дамыту анимацияға ерекше қажет-ақ. Мұндағы ең басты кедергі неде? Неліктен қазақ анимациясында нақты қазіргі замана бейнесі мен жанды тынысы тым аз? Осы хақында бүгін біз "Қазақ" анимация студиясының басшысы, аниматор Қасиет Сафиолламен сұхбаттастық.
- Қазіргі қазақ анимациясындағы көрерменге берілетін басты құндылықтар мен идеялар қандай?Қазақ анимациясы қай бағытта дамып жатыр?
Қасиет САФИОЛЛА: - Мен осы анимация саласына 2012 жылдары келдім. Университетке оқуға түстім, сонымен қатар өңдірістік анимациялық жұмыстарға кірісе бастадым. Сол кезден бастап он жылға таяу уақытта қазақ анимациясындағы негізгі үрдіс - ұлттық құндылықтар. Оның ішінде, негізгі тақырыптардың көбі әйел адамдарға, тарихымыздағы батырларға, дана-данышпан кісілерге, ғалым адамдарға арналған тақырыптар болатын. Негізінен тарихымызды, ертегімізді, аңыз-әңгімелерімізді баяндайтын үрдіс. Кейін 2020 жылдан бастап осы негізінен супер қаһармандық былай айтқан кезде балаларды жеке өзінің жақсы мінез-құлқына, батылдыққа, батырлыққа, білімділікке тәрбиелейтін тақырыптардағы анимациялық жобалар көбейе бастады.
Ал қазір қазақ анимациясы қай бағытта дамып жатыр десеңіз, менің байқауым бойынша қазақ анимациясы соңғы бір-екі жылдан бері дамуын шамалы тоқтатты. Мүмкін енді белгілі кезеңдегі бір тыңығып алып, қайтадан өрлеуге дайындық шығар. Бірақ, дәл қазіргі уақытта қазақ анимациясы жақсы дамып жатыр деп айта аламын. Енді қазір болып жатқан бірең-сараң әр жерде ұсақ- түйек жобалар бар шығар, десек те, енді ол осының алдындағы супер қаһармандар сияқты, болмаса оның алдындағы ұлттық құндылықтар, аңыз-әңгіме, ертегі деген сияқты ауқымды дүниелер емес. Шығармашылық адам ретінде, шығармашылық топ ретінде, студиямның шығармашылық бағыты алдағы ғылыми техниканы дәріптеу, сол жайында болмақ.
- Сіз жетекшілік еткен анимациялық жобаларыңыз балалар мен жасөспірімдер тәрбиесіне қалай әсер етеді деп ойлайсыз? Тәрбиелік-танымдық мәні қандай?
Қасиет САФИОЛЛА: - Менің студиям «Қазақ» деп аталады. 2016 жылдан бері қарай жұмыс жасап жатыр. Әр жылдары бір екі жобадан жасап отырамыз ел ішінде. Көбісі «балапан» телеарнасына. Одан кейін ұлттық киноны қолдау фонды, өңірлерге арнап жасалады. Негізгі айтарлықтай жобалардың бірнешеуін айта өтейін. «Дала ойындары» деген жоба бар 2017 жылы жасалған. 2017-2018 жылдары бастап жасалды. Төрт бөлімнен тұрады. Ол жаңағы супер қаһармандық жоба. Баланы батылдыққа, ғылымға құштарлыққа, достыққа сондай құндылықтарға шақыратын жоба. Одан кейін 2022 жылы жасалған Әл Фараби жобасы, ол жерде әлемнің екінші ұстазы өзіміздің осы қазақ жерінен шыққан Әл Фараби атамыздың өмірбаяны жайлы. Тағы да сол балаларды білімге, отансүйгіштікке, патриотизмге шақыратын дүние. Осы жобаларға дейін, осы жобалардан кейін де болаған «Балабай», «Бетперделі батыр», «Жібек», «Махамбет» деген сияқты жобалар болды. Барлығы осы құндылықтардың аясында.
- Қасиет мырза, шетелдік анимациямен салыстырғанда отандық туындылар қандай артықшылықтарға немесе кемшіліктерге ие? Нені үйренуіміз, нені сақтап қалуымыз керек деп ойлайсыз?
Қасиет САФИОЛЛА: - Ақтоты ханым, енді шетел көп қой, әлемде қаншама 200-ге тарта ел бар иә. Сонын ішінде кімдермен салыстырамыз, егер халық жағынан өзімізбен қатарлас елдер болатын болса біздің елдің бүгінгі таңдағы анимациялық дәрежесі біраз елден жақсы. Жалпы орташа деңгейден жоғары. Оның дәл осы уақыттағы мамандардың тәжірбиелігіне, болмаса анимацияға деген сұранысқа қарап осылай айтуға болады. Егер анимациясы дамыған елдермен салыстыратын болсақ, оның ішінде Америка, Жапония, Франция, Ресей, Қытай, Корея деген сияқты елдермен салыстыратын болсақ онда біздің анимацияның ерекшелігі, артықшылығы қазақ тілінде болып шығады ия. Одан кейін өзіміздің еліміздегі балаларға өзіміздің идеологиямызды айта аламыз. Бізге керек дүниені айта аламыз. Бар артықшылығы сол. Ал техникалық жағынан, сапа жағынан бізге біраз жол басу керек біздің анимация саласына. Оған мамандардың біліктілігін тағы да жоғарылату керек. Осы салаға деген қолдау тіпті жоғары болуы керек. Енді ол дамыған елдермен бізді қатар қойып салыстыру қиын болады.
- Жоба бастар алдында балалар психологиясын ескересіздер ме? Режиссер, продюсер нені назарға алады?
Қасиет САФИОЛЛА: - Тоты, ол міндетті түрде болады. Әр жобаның кеңесшісі болады. Жаңағы супер қаһармандық, болмаса бала тәрбиесіне қатысты жобаларға келген кезде балалар психологымен міндетті түрде сөйлесеміз. Кейбір жобаларда тіпті команданың бір мүшесі ретінде осы жобаға қатысады. 2023 жылы болған «Сен білесің бе балақай?» деген жоба болды. Ол жерде арнаулы, әр серияның сценарийің психологтың өзі жазып шықты. Одан бөлек «Бетперделі батыр», «Жібек», «Дала ойындары»деген жобаларда балалар психологы ол жерде жұмыс істеді. Одан бөлек тарихи жобаларда «Әл-Фараби», «Балабай» деген сияқты жобаларда «Махамбет» сияқты нақты тарихтың бұрмаланбас үшін балаларға жеткізу керек, дұрыс түсіндіру үшін ол жерде тарихи кеңесші жұмыс істейді. Сценарийді ақылдасқанда әр кезеңде сол кеңесшімен сөйлесіп, мақұлдағаннан кейін барып жобаны өңдіріске жібереміз.
- Сіздің ойыңызша, баланың қиялы мен ойлау қабілетін дамытуда анимация қандай рөл ойнайды? Бұл процесте сурет пен әңгімелеу қалай жұмыс істейді?
Қасиет САФИОЛЛА: - Анимация деген ол бала мен әлемнің ортасындағы көпір. Баланың эмоциясың, интеллектісің дамытатын, логикасың, тілің дамытатын дүние. Бала ең алдымен көреді, көрген дүниесінен әсер алады. Сосын оны әрі қарай дамытып өзі қиялдайды. Ал анимация соған арналған дүние. Кейәпкерлерді, әдемі суреттерді көріп алып соны қиялдап, содан алған әсерің біреуге баяндап, сол арқылы тілің дамытады. Көрген кейіпкерлерінің, көрген уақиғаларының ретің байқап сол арқылы өзінің алғашқы логикасы қалыптасады. Сол үшін менің ойынша сурет әдемі болу керек. Кейіпкер, жалпы фильмнің цветокоррекциясы, стилистикасының барлығы балаға ұнап тұру керек. Сол арқылы ол фильмге тартылады, содан әсер алады. Ал одан әрі қарай уақиға жаңағы баланың өзінің әлемінде түсіне алатын дүниелерден бастау алып, әрі қарай балалардың бұрын сонды санасында болмаған басқа да бір қиял ғажайып дүниелер болмаса өзіміздің басқа да айтатын идеологиямызды, тәрбиемізді кірістіргенде бала соны біртіндеп біртіндеп ақырындап өзіне қабылдайды.
Өзім шығармашылық адам болғаннан кейін өзіме, өзімнің ұжымыма қоятын талабым картина сапалы болу керек, сол арқылы балалардың талғамын арттыруға болады. Талғамды бір адамдар болады ғой, солар қайдан шығады деген кезде ол кішкентайынан осы жақсы, әдемі дүниелерді көрген кезде адамның өзінің талғамы қалыптасады. Ол өте маңызды. Екіншіден, сценарий сапалы болу керек. Ол жерде логика дұрыс болу керек. Оның барлығы балаларға беріліп жатқан тікелей тәрбие.
Сұхбаттасқан Ақтоты Балғабай
Abai.kz