Сәрсенбі, 30 Сәуір 2025
Анық 226 0 пікір 30 Сәуір, 2025 сағат 15:14

Мәскеудегі әскери парад - Сүйек үстіндегі мереке!

Сурет: interfax.ru сайтынан алынды.

9 мамырдағы мерекелік шараларды белгілі ресейлік актерлер, әншілер мен тележүргізушілер сынға алып жатыр.

Ресейдің халық әртісі Дмитрий Назаров мерекені «қуатсыздық пен тыйымдар шеруі» деп атап, 9 мамырды тойламауды ұсынды. Актердің айтуынша, мерекеге жұмсалған ақшаны ардагерлер үйін жақсартуға жұмсау дұрыс.

Тележүргізуші Дмитрий Шепелев те Жеңіс шеруінде «әскери күш» көрсетуді айыптады. Ол «соғысқа дайын болу» неліктен қажет екенін түсінбейтінін айтып, Жеңіс күнін соғыстың «сұмдықтарын» еске салатын күн ретінде атап өтуге шақырды.

Рэпер Моргенштерн де Жеңіс шеруі туралы теріс пікір айтты. Оның пікірінше, бұл Жеңіс шеруі «мақтанатын ештеңе жоқ елдің ісі». 9 мамыр мерекесін актер Алексей Панин де сынады. Ол бұл күнді «пафос» және «шоу» деп атады.

Тележүргізуші Татьяна Лазарева Жеңіс шеруі мен «Өлмейтін полк» акциясын қолдамайтынын айтып, жазылушыларын 9 мамырды тойлаудан бас тартуға шақырды. Актер Максим Виторган да осындай мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желіде ол «Ресейдің тойлайтын ештеңесі жоқ» деп атап, шулы мерекелерді тоқтатуды ұсынды.

Оның айтуынша, 9 мамырды «үнсіздік күні» немесе «қаралы күн» ету керек. Жеңіс шеруіне актер Павел Майков та наразы болды. «Соғыста жеңімпаз жоқ» деген пікірін білдіріп, 9 мамырда халықтың ақшасын шашпауға шақырды.

Оның пікіріне Майковтың әріптесі Михаил Ширвиндт қосылды. Өзінің Telegram-арнасында актер және тележүргізуші 9 мамырды миллиондаған адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаларды «еске алу күні» деп атады.

Сондай-ақ, ол Жеңіс күні ел көшелерінде патриоттық рәміздер мен әскери техникаларды алып жүру орынсыз екенін айтты.

Ресейлік жұлдыздардың бұл пікірін көптеген қазақстандықтар қолдайды. Әлеуметтік желіде 9 мамырға қатысты қазақстандықтардың талқылауы туралы бұған дейін де жазылған болатын. Кейбір қолданушылар бұл «жоқ елдің», яғни Кеңес Одағының мерекесі екенін атап өтсе, басқалары керісінше, Қазақстанның фашистік Германияны жеңуге қосқан зор үлесін атап өтеді.

Басқалары кең ауқымды әскери шерулермен мерекелеу, әсіресе қазіргі шындықта мүлдем қажет емес деп санайды. Бірақ олардың пікірінше, біз бұл күнді есте сақтауға міндеттіміз. Олар үшін 9 мамыр – естелік пен қайғы күні. Еске салайық, Украинадағы соғыс жағдайында, Қазақстан «Өлмейтін полк» акциясына тыйым салған болатын.

Керімсал Жұбатқанов,

тарих ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің доценті

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2582
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5490
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4814