Үндістан мен Пәкістан ұрыс жағдайында тұр...

Үндістан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастың күрт шиеленісуіне байланысты Үндістан Пәкістанға қарсы алдағы 24–36 сағатта әскери соққы жасауы мүмкін.
Тарардың айтуынша, Үндістан Пахалгамда болған терактіні сылтауратпақ. Министр X (бұрынғы Twitter) желісінде: «Пәкістанда Үндістан алдағы 24–36 сағат ішінде әскери соққы жасамақшы деген сенімді ақпарат бар», — деп жазды.
Ол Исламабад тарапынан кез келген агрессияға қатал жауап берілетінін ескертті.
Сонымен қатар, Пәкістан сенаторы Сехар Камран екі ел арасындағы су мәселесінің ушығуы ядролық соғысқа дейін жетуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Ол Инда өзенінен Пәкістанға су беруді тоқтату — елдің өмірлік маңызы бар мүдделеріне тікелей қауіп төндіреді деді.
Abai.kz