Сенбі, 3 Мамыр 2025
Жаңалықтар 589 0 пікір 2 Мамыр, 2025 сағат 14:14

Доллар өсіп, теңге әлсіреді

Сурет: dknews.kz сайтынан алынды

Доллар өсті, теңге әлсіреді. Бірақ Ұлттық банк сабырлы.

Сәуір айында теңге шамамен 1,6%-ға арзандап, доллардың бағамы 512 теңгеге жетті. Ұлттық банк бұған алаңдамайды – бәрі «нарықпен реттеліп жатыр» дейді.

Неге әлсіреді?
Себебі нарыққа доллар қажет болды:
– Ұлттық қордан 968 млн доллар сатылды (күн сайын шамамен 44 млн доллар);
– Бұл ақша республикалық бюджетке қажет болды.
– Мамырда да осындай көлемде валюта сатылады – 950–1050 млн доллар аралығында.

Сонымен бірге:
– БЖЗҚ үшін 250 млн доллар сатып алынды – зейнетақы активтерінің бір бөлігі валютамен сақталуы керек.
– 213 млрд теңге нарықтан алынып, орнына валюта берілді – бұл инфляциямен күрес тәсілі.

Ұлттық банк не дейді?
– Интервенция жасамадық.
– Бағамға тікелей араласқан жоқпыз.
– Барлық операциялар жоспарлы, нарыққа бейтарап.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 462
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 525
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 488