Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Әуесқой бокс: Иордания астанасы Амман қаласында өткен 15 және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшылары 16 алтын, 15 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды.
Жүзу: Грекияның Афина қаласында ұйымдастырылған Acropolis Swim Open 2025 халықаралық жарысында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медальмен 2-орыннан көрінді.
Дзюдо: Әбиба Әбужақынова Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен дзюдодан Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды.
Таэквондо: Қытайдың Уси қаласында мәресіне жеткен таэквондодан клубтар арасындағы 13-ші Азия чемпионатында Қазақстан командасы 2 алтын, 1 күміс және 4 қола жүлде жеңіп алды.
Ат спорты: Өзбекстан астанасында конкурдан өткен Maxima Masters Еуразия турнирінің командалық сериясы мен Әлем кубогі кезеңдерінде отандық спортшылар 6 күміс және 5 қола медаль еншіледі.
Ауыр атлетика: Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары әзірге 2 алтын медаль жеңіп алды.
Теннис: Жібек Құламбаева жұптық сында Испанияның Мадрид қаласында өткен ITF W100 турнирінде үздік шықты. Финалда Құламбаева мен Уэрго испаниялық Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны жеңді. Бұл — Құламбаева мен Уэргоның бірге жеңіп алған бесінші титулы.
Abai.kz