Бейсенбі, 8 Мамыр 2025
Анық-қанығы 432 0 пікір 8 Мамыр, 2025 сағат 12:18

Сара Алпысқызы ауыр жатыр: Ескі гвардия Алматыға ағылуда

Сурет: ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Қазақстандағы журналистер Қаңтар оқиғасынан кейін шетелге кетіп қалған «Ескі Қазақстан» өкілдерінің Алматыға келіп-кетуін торуылдай бастады.

Совмин емханасында жатқан Сара Алпысқызының жағдайын білу үшін бұрынғы истиблишменттің біраз өкілі Алматыға ат басын бұруы тиіс. Мемлекет те өз тарапынан Сара Алпысқызымен қоштасу рәсімін пысықтауда. Алматы әкімдігіне «тиісті шараларды қазірден бастап қарастыра берсін» деген бейресми хабарлама келген. Қазір Сара Алпысқызы 84 жаста. DALA INSIDE дереккөзі де Сара Алпысқызының денсаулығы күрт сыр бергенін растап отыр.

«Ол кісінің жағдайы соңғы екі жылда қатты нашарлады. Толық медициналық күтім жасалса да, кәріліктің аты кәрілік. Назарбаевқа қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелер де жүректі ауыртты. Қаңтар оқиғасы жанға батты. Осының барлығы жинақтала келе ағзаға ауыр салмақ болды», - дейді, дереккөз.

Қазақстан халқының Сара Алпысқызына көзқарасы жаман емес. Ол кісі тәуелсіздіктің алғашқы 5-7 жылында ғана тұңғыш президенттің қасында болды. Бизнеске, таққа араласпады. Қайырымдылықпен айналысты. Нұрсұлтан Назарбаевпен 2005-2010 жылдар аралығында ресми ажырасып, артынан өзінің Қонақаева тегіне қайта оралды. Сара Алпысқызы 1941 жылдың ақпанында Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол Нұрсұлтан Назарбаевпен 1962 жылы отау құрды. Бұл отбасы өмірге Дариға, Динара мен Әлия есімді үш қыз әкеліп, тәрбилеп өсірді.

Дереккөздің айтуынша, Сара Алпысқызы өмірден өткен жағдайда, Үкімет қоштасу рәсіміне мемлекеттік статус беріп, тиісті деңгейде өткізбек. Ол кісіге қазір ел басқарып олтырған көптеген тұлғалардың ілтипаты ерекше. Сара Қонақаева қазіргі таңда экс-президенттің отбасы мүшесі болып саналмайды. Сондықтан оның денсаулық жағдайына қатысты ақпарат мемлекеттік құпия емес.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1943
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 2659