Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3261 0 пікір 12 Мамыр, 2025 сағат 11:53

Тәліптер шахматты «құмар ойындар» қатарына қосты

Сурет: sport-express.net сайтынан алынды.

Тәліптер шахматты «құмар ойындар» қатарына қосты. Осылайша Ауғанстанда шахмат ойнауға ресми түрде тыйым салынды.

Спорт департаментінің өкілдері, шахмат 2024 жылы Талибан қабылдаған «ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу туралы Заңға» сәйкес тыйым салынған құмар ойындар санатына жатады.

Бұл қадам режим 2021 жылы билікке оралғаннан бері жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан құқықтар мен бостандықтарды шектеу саясатының жалғасы болды.

Бұған дейін Ауғанстанда музыка, кино, әйелдер білімі және әйелдердің қоғамдық өмірге қатысуына тыйым салынған болатын.

Ал Иран, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерін қоса алғанда, басқа мұсылман елдерінде шахматқа рұқсат етіліп қана қоймай, мемлекеттік деңгейде белсенді қолдау көрсетіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1071
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2625
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 747
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 713