Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
Анық-қанығы 445 0 пікір 12 Мамыр, 2025 сағат 14:11

Путин мен Зеленский Түркияда кездесе ме?

Сурет: kritika.news сайтынан алынды.

Кремль 9 мамырда одақтас елдерін Мәскеуге жинап, Қызыл алаңда әскери парад өткізіп жатқанда, Германия, Польша, Англия, Франция басшылары Киевке келіп, Зеленскиймен бірге Путинді дүйсенбіден (12 мамыр) бастап соғысты шартсыз түрде 30 күнге тоқтатуға үндеп, егер келіспесе жойқын санкциялар күтіп тұрғанын айтқан еді.

Путин жексенбі күні жауап берді. Украина мен Ресей тараптың бетпе-бет келіссөзін бейсенбі күні Ыстамбұлда өткізуге шақырды. Былай қарасаң уақыты, орыны бәрі анық тұр. Путин аяқ астынан кездесуге неге пейілді бола қалды деген сұрақ әлем БАҚ-тарында кеңінен талқылануда.

Путин Украина мен Еуропалық әріптестері алаңдап отырғандай "келісе жүріп соғысу" тактикасын жалғастыруы мүмкін. "Оның Түркияға аяқ астынан бармақ болуының да сыры сонда" дейді сарапшылар.

Біріншіден, келіссөзге отырса, АҚШ президенті Трамптың да көңілінен шығады. Зеленский сияқты соғысты тоқтатуды қалайтын адам болып көрінеді.

Екіншіден, 9 мамыр кезінде Кремльдің Украинаға соғысты 2-3 күнге тоқтата тұру талабын қойғаны белгілі. Сол сияқты оның Ыстамбұлда кездесу туралы айтуы да уақыт оздырудың бір тәсілі екен.

Путиннің тактикасы әлден-ақ, нәтижесін бере бастады. Ақ үй қожайыны Трамп екі тараптың соғыстың тоқтауын күтпей-ақ, келіссөзге отыруын құп көріп отыр. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: "Соғысты тоқтатуға келіспей тұрып-ақ, екі тарап бейсенбі де Ыстамбұлда кездесуі керек. Сонда соғысты тоқтатуға келісе ала ма, алмай ма, соны анықтаймыз. Ары қарай өз ұстанымымызды білдіреміз", - деп жазған.

Еуропа басшылары Путиннің келіссөз өткізуге пейіл білдіргенін құптағанымен, келіссөз алдында атысты шартсыз тоқтатуға шақырып, өз позицияларын қайталып отыр.

Ал президент Зеленский: "Мен Ыстамбұлда Путинді күтемін", - деді. Ол атысты тоқтату дипломатияның негізі екенін тағы да қайталады. Орыстар ендігәрі түлкібұлаңға салмайды деп үміттенетінін жеткізді.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2214
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3869