Қазақстанның биоалуантүрлілігі

Қазақстан бірегей табиғи мұра және биоәртүрлілікке бай елдердің бірі болып саналады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар еліміздің 10% - дан астамын алып жатыр. Олардың жалпы ауданы - 29,3 млн га.
Республикада омыртқалы жануарлардың 835 түрі, оның ішінде сүтқоректілердің-178 түрі, құстардың - 489, бауырымен жорғалаушылардың - 49, қосмекенділердің – 12 түрі кездеседі.
Айта кету керек, омыртқалы жануарлардың 132 түрі мен кіші түрлері сирек және жойылып кету қаупі бар.
Қазіргі таңда сирек кездесетін тұяқты жануарлар - тоғай бұғысы, құлан, арқар және қарақұйрық санының жыл сайын артуы байқалады.
Сондай-ақ, киіктерді қорғау жөніндегі жүйелі шаралардың арқасында, олардың санын 2003 жылы 21 мыңнан 2024 жылы 2 млн.800 мыңға дейін көбейді. Бұл жануардың әлемдік популяциясының 98% - ы біздің елімізде шоғырланған.
Жабайы жануарларды реинтродукциялау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Осылайша, Нидерландыдан Іле-Балқаш резеваратының аумағына 2 Амур жолбарысы әкелінді, мұнда тұяқтылардың санын көбейту жұмыстары да жүргізілген.
Сондай – ақ, өткен жылдың маусым айында Чехия мен Германиядан 7 бас Пржевальский-керқұлан, кертағы жылқысы жерсіндірілді, олар бейімделу кезеңінде "Алтын Дала" резерватының аумағындағы арнайы вольерге орналастырылды. Ағымдағы жылы оларды табиғи мекендеу ортасына шығару және жаңа партияны қайта жерсіндіру жоспарлануда.
Сонымен қатар, Қазақстанда 6000-нан астам өсімдік түрі кездеседі, оның 387-сі Қызыл кітапқа енгізілген.
Биоәртүрлілікті сақтау - бұл ортақ жауапкершілік және тұрақты болашаққа қадам. Оған табиғатты қорғау, ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық бастамаларды қолдау арқылы әркім өз үлесін қоса алады.
Abai.kz