Жұма, 6 Маусым 2025
Анық-қанығы 721 0 пікір 4 Маусым, 2025 сағат 14:38

Кореяның жаңа президенті Ли Чжэ Мен кім?

Сурет: Хартия 97 сайтынан алынды

Оңтүстік Кореядағы президент сайлауында оппозициялық демократиялық партия кандидаты Ли Чжэ Мен жеңіске жетті. Ол сайлаушылардың 50% дауысын алған. Оның негізгі қарсыласы – басқарушы "Халық күші" партиясының кандидаты Ким Мун Суға сайлаушылардың 41% дауыс берген.

Сайлау үш күнге созылған, тіркелген сайлаушылардың 80% дауыс берген. Бұл 1997 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Сайлауалды науқан кезінде Ли Чжэ Мен қарсыласы Ким Мун Суды және басқарушы партия өкілдерін биліктен шеттетілген Юн Сок Елге билікті ұстап қалуға көмектесті деп айыптаған.

Ли Чжэ Мен 2022 жылы да президент сайлауына қатысып, бірақ Юн Сок Елден 1% айырмашылықпен жеңіліп қалған.

Оған алдынғы президент сайлауында бірнеше қылмыс бойынша айып тағылған. Атап айтқанда, сайлау заңнамасын бұзды және 2019 жылы сот процесі кезінде куәгерді жалған куәлік беруге мәжбүрледі деп айыпталған. Егер сот оны кінәлі таныса, өкілетін тастауға тура келеді.

Былтыр желтоқсанда сол кездегі президент Юн Сок Ел елде әскери жағдай енгізіп, әскерилерге парламентті бақылауға алуға бұйрық берген. Оның бұл әрекеті сәтсіз аяқталып, ізінше ол биліктен кетіріліп, саяси дағдарыс орнады.

Сәуір айында Конституциялық сот Юн Сок Елді биліктен кетіру туралы шешімді қолдады. Осыдан кейін елде мерзімінен бұрын президент сайлауы тағайындалып Ли Чжэ Менге билік басына келуге жол ашылды.

Шетел басылымдары оны саяси тұрақсыздықтан пайдаланып жоғары билікке жеткен бағызор саясаткер деп бағалауда.

Ли Чжэ Мен 1963-жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Жеті баланың бесіншісі екен. Тұрмыстары төмен болғандықтан ол кәмелат жасқа толмай орта мектепті бітірмей-ақ еңбекке араласқан. 13 жасында саусақтары зауыт станогына жаншылып зақымданған. 1980-жылы 27 жасында унисерситетке түсіп, 1986-жылы адвакат куәлігін алған. 20 жыл құқық қорғаушы болып жұмыс атқарған.

2005-жылы қазіргі демократиялық партияға мүше болған. Оның кедей отбасынан шыққаны саяси бәсекелестері арасында күлкіге айналғанмен, жұмысшалар мен жоғары таптағы саясаткерлерді жек көретіндер оған қолдау білдірген. Осы жолғы сайлауда ол табысы төмендерге тұрақты айлық төлеп, бай мен кедейдің арасын теңестіруге уәде берген. Америкамен сауданы дамытуға да ниет білдірген.

Abai.kz

0 пікір