Сейсенбі, 1 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1853 0 пікір 10 Маусым, 2025 сағат 17:27

Биыл қанша колледж түлегі оқу бітірді?

Сурет: rutube.ru сайтынан алынды

Биыл 170 мыңнан астам студент колледж бітіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінде Қазақстан колледждері металлургия, машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия сияқты экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша мамандар даярлауда.

2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша елдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін 170 мыңнан астам студент тәмамдайды. Олардың ішінде 123 мыңы – жұмысшы мамандықтары бойынша, 27 мыңы – дуалды оқыту жүйесі арқылы, ал 10 мыңнан астамы – кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша білім алды. Жұмыспен қамту көрсеткіші 81%-ды құрады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы 1 қыркүйектен бастап сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша оқыту толықтай тегін болады. Мемлекеттік гранттардың 70%-ы дәл осы техникалық бағыттарға бөлінеді. Бұдан бөлек, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша шамамен 10 мың студент білім алады.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 144
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 220
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 141
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 141