"Мен ақылшы болсам, Иран атом бомбасын жасар еді!"

Израильдың Иранға жалпы беттік әуе шабуылына бір апта толды. Әлем ғалымдары мен зерттеу орындары Иран ислам республикасы Трамп пен Нетаньяху айтқандай атом бомбасын жасауға шақ қалды ма деген сұраққа жауап іздеп жатыр. Оған әйгілі "Державалардың саяси трагедиясы" кітабының авторы, Чикаго университетінің профессоры Джон Миршаймер де пікір білдірді.
Әлемдік ықпалды саясаттанушы Иран билігінің қауқарсыздығын сынап: "Солтүстік Кореяны, КимЧенЕнді қарашы атом бомбасын жасап алды. Оған АҚШ соғыс ашты ма, жоқ. АҚШ Ирақты, Ауғанстанды, Либияны неге бомбалады? Израиль Газада неге геноцид жасады? себебі оларда атом бомбасы жоқ. Мен Иранның қауіпсіздік хатшысы болсам, Иран баяғыда атом бомбасына ие болар еді. Себебі атом бомбасы сес, қауіпсіздік кепілі. Иранды атомсыздандырмақ болып отырған Израиль де, АҚШ та атом қаруынан өлсе де бас тартпайды" дейді.
Ол сондай-ақ Иран атом қаруын жасауға жақын қалды деген шешіммен де келіспейді. Трамптың Нетаняхудың сыбайлас болғанын да құп көрмейді. "Ақ үй басшысы бір айдың алдында Шығыс Азиядағы әскери күшін Орта шығысқа жөткеп, Хурситтердің көзін жоям деп даурықты. Бір ай өткен соң жоя алмасын біліп, Қызыл теңізді тастап шықты. Енді Израилге болысып екінші рет қателік жасап отыр. Соғысқа АҚШ араласса Иран мен Хурситтер бірлесіп Парсы шығанағы мен Қызыл теңізді жабады. АҚШ әуе күшін жаңа қақтығысқа сарып етеді. Қорғаныс қуаты әлсірейді. АҚШ-тың стратегиялық мүддесі Орта шығыста, Еуропа да емес, Үнді-Тынық мұхит аймағында деп санайды. Әйгілі ғалымның пайымынша Трамп пен Иетанияху бастаған соғыстан әліптің артын бағып отырған Путин мен Қытай билігі ғана пайда көреді. АҚШ-тың жаңа соғыс ошағына кірісуін олар қуана қарсы алады. Есесіне Украина соғысы назардан тыс қалады, АҚШ-тың Шыңыс теңіздегі әскери күші де азаяды" деп санайды.
Кешелі бері Американың белді басылымдары Израильдың әуе қорғаныс жүйесінің енді 10-12 күнге ғана шыдас беретінін жарыса жазып жатыр. АҚШ көмек бермесе жағдайы қиын болмақ.
Трамп Иранға шабуылды тағы 2 аптаға кейінге қалдырды. Оның себебі Иранның жер астындағы 90 метр тереңдіктегі уран байыту қондырғыларына ұзындығы 6 метрлік жерді ойып кететін бомбаны қолдану мәселесінде Трамптың командасында алауыздық туылған. Әйгілі тележүргізуші Такер Карлсон ел алдында Трамптың жақтасына Иранда қанша халық тұрады деп сұрақ қойып, географиялық білімнен жұрдай республикашыл саясаткерге Иранда 90 миллион адам тұратынын айтып, ел алдында масқара қылды.
Әлемдік белді басылымдар "мен президент болғанда бірде бір соғыс болған жоқ" деп күпінген Трамптың Иранның екінші Ливияға айлануынан қорқып, бір байламға келе алмай, шегіншектеп отыр деп жарыса жазуда.
Abai.kz