Сәрсенбі, 25 Маусым 2025
Әне, көрдің бе? 271 0 пікір 25 Маусым, 2025 сағат 13:21

Тарихшы: Путин Ресейді құрдымға жетелеуде...

Сурет: polskieradio.pl сайтынан алынды.

Украинадағы үш жылдық соғыста Путин ұрыс даласында көптеген сарбаздарын жоғалтқанымен, алдына қойған мақсатына жете алмады.

Дегенмен, әскери сәтсіздіктер Кремльдің ең үлкен проблемасы емес. Путин ғасырлар бойы оған экономикалық және технологиялық прогресті қамтамасыз еткен Батысты ұзақ уақытқа жоғалтты.

Бұл пікірді The New York Times бетінде Американың католиктік университетінің профессоры Майкл Киммэйдж айтты.

Путиннің 2022 жылы Украинаға басып кірудегі басты мақсаттарының бірі – Батыстың құлдырауын көрсету. Кремль Батыстың бұрынғыдай Украинаны қолдауда бірікпей, бір шешімді болмайтынына сенімді болды.

Путин Ресейді қайта жанданған геосаяси күш ретінде көрсеткісі келді. Алайда, шындығында ол бүкіл Украинаны басып ала алмай, геосаяси жеңіліске ұшырады. Путиннің сұрапыл соғысы тек Еуропаны біріктіріп, ақыры оны Ресейге қарсы қойды.

Майкл Киммэйдждің айтуынша, Еуропа мен Ресей арасындағы байланыстарды 17 ғасырдан бастап талдаған жөн. Әңгіме бұл кездегі соғыстар туралы емес, Ресейге әскери күш пен экономикалық өсуді қамтамасыз еткен тығыз экономикалық қарым-қатынастар туралы.

Кеңес Одағы кезінде де Мәскеу мен Еуропа өзара әрекеттесуді жалғастырды. Алайда Путин тұсында Батыспен қарым-қатынас нашарлай бастады.

Тарихшы Путин шын мәнінде Еуропамен қарым-қатынасты үзуді көздемегенін, керісінше өзінің көшбасшы рөліне қайта оралғысы келгенін атап өтті. Егер ол 2022 жылы Украинаны басып алған болса, ол қалағанына қол жеткізе алар еді: Батыс оған бас иіп, НАТО-ның санын қысқартуға мәжбүр болар еді.

«Алайда, шын мәнінде, Путин Еуропаны біріктіріп, оны Ресейге жау етті. Содан бері Еуропа Ресеймен сауда қатынасын қысқарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Батыс Ресейден айырылып қалуы мүмкін, бірақ шын мәнінде оның жағында бейбіт және болжамды Ресей болғанын қалайды. Ресейдің өзі үшін мұндай жеңіліс – күшті соққы. «Бұл Путиннің таңдауы және Ресейдің трагедиясы», - деді Киммэйдж.

Керімсал Жұбатқанов,

тарих ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің доценті

Abai.kz

0 пікір