Жұма, 27 Маусым 2025
Талқы 588 0 пікір 27 Маусым, 2025 сағат 16:48

«Ақ жол» фракциясы Үкіметтің 2024 жылғы есебіне қарсы дауыс берді

Сурет: akzhol.kz сайтынан алынды.

«Ақ жол» фракциясы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметтін 2024 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қарсы дауыс берді.

Бұл туралы «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мәлімдеді.

«Ақ жол» фракциясы Үкіметтің 2024 жылға арналған есебіне қарсы дауыс береді. Басқа да жүйелі олқылықтарға назар аударғымыз келеді. Біріншіден: Бюджет саясатының теңгерімсіздігі. Әлеуметтік саланы қаржыландыру өткен жылда 12 пайызға өсіп, 9,6 трлн теңгеге дейін жетті. Ал нақты секторға керісінше, 2,9 трлн теңгеге дейін азайып, 20 пайызға қысқарды. Яғни, Үкімет болашақ кірісті қамтудан гөрі, өтеусіз әлеуметтік шығындарға 3 есе көп қаражат жұмсауда. Негізгі пропорция басқаша болуы керек еді. Бұл ұзақ мерзімді жоспардағы теңгерімсіз саясатты көрсететін өте алаңдатар үрдіс. Үкіметтің нақты басымдықтары жоқ сияқты. Бюджеттің нақты шамасын есепке алмай, барлық мәселелерді бірдей шешуге тырысатын секілді. Бірақ, бұл қате жол», - дейді Азат Перуашев.

Мәжіліс депутатының сөйлеген сөзінің толық нұсқасы:

;feature=youtu.be

Abai.kz

0 пікір