Сәрсенбі, 15 Шілде 2026
Билік 246 0 пікір 15 Шілде, 2026 сағат 15:29

Қазақстанның еңбек нарығындағы ең ірі зерттеу Paryz Bridge-тің негізгі қорытындылары

Суреттер: Paryz Bridge.

Қазақстанда алғаш рет жұмыс берушілерге арналған тәуелсіз зерттеудің нәтижелері жарияланды. Зерттеу компаниялардың өзін-өзі бағалауына емес, 100-ден астам ұйым мен 150 мыңнан астам қызметкердің объективті деректеріне негізделді. Зерттеу көшбасшыларының қатарында Beeline Қазақстан да бар. Оның нәтижелері HR-практикалардың даму деңгейі бизнестің тиімділігімен қалай байланысты екенін көрсетті.

Қазақстанның еңбек нарығы data-driven HR қағидатына негізделген жаңа кезеңге қадам басып келеді. Бұған дейін жұмыс берушілер рейтингтері көбіне компаниялардың сауалнамаларына, сарапшылар бағасына немесе жекелеген HR-кейстерге сүйеніп жасалса, енді компанияларды нақты деректер арқылы бағалауға мүмкіндік беретін жаңа құрал пайда болды.

Дәл осы тәсіл Қазақстандағы еңбек нарығының ең ірі зерттеуі – Paryz Bridge жобасының негізіне айналды. Оның нәтижелері алғаш рет 3 шілдеде өткен Human Capital Forum аясында ұсынылды. Зерттеуді Қазақстанның HR-менеджерлер қауымдастығы мен «Paryz» жұмыс берушілер конфедерациясы бірлесіп жүргізді. Оған ел бойынша 100-ден астам компания мен 150 мыңнан астам қызметкер қатысты.

Алғаш рет жұмыс берушілер рейтингі компаниялардың өзін-өзі бағалауына емес, HR-процестердің объективті талдауына, нақты кадрлық көрсеткіштерге, қызметкерлердің пікіріне және халық арасындағы жұмыс беруші брендіне деген көзқарасқа сүйене отырып жасалды. Қазақстан нарығы үшін бұл жұмыс берушілерді бірыңғай өлшемдер бойынша салыстыруға мүмкіндік беретін алғашқы кешенді аналитикалық база болды.

HR-маркетингтен HR-аналитикаға

Paryz Bridge зерттеуі жұмыс берушіні бір ғана көрсеткіш бойынша емес, бірнеше негізгі критерий арқылы бағалайтын кешенді әдістемеге негізделген. Атап айтқанда, HR-процестердің жетілу деңгейі, кадрлық метрикалар, қызметкерлердің қанағаттану деңгейі (Employee Perception Index – EPI), жұмыс беруші брендінің халық арасындағы беделі және салалық бенчмарктер ескерілді.

Бұл субъективті бағалаудан data-driven HR моделіне көшкенін білдіреді. Мұнда басқарушылық шешімдер нақты өлшенетін көрсеткіштер негізінде қабылданады.

Human Capital Forum аясында өткен «Шешімдердің күші. Адам – басты құндылық» атты CEO-сессиясында Қазақстанның жетекші компанияларының басшылары жасанды интеллект пен үлкен деректер дәуірінде көшбасшылық, командаларды басқару және шешім қабылдау тәсілдерінің қалай өзгеріп жатқанын талқылады.

Форумның аясында «Мойындаудың күші» атты салтанатты рәсімі өтті. Онда Paryz Bridge зерттеуінің қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік жұмыс берушілері марапатталды. Зерттеу нәтижесінде Beeline Қазақстан «Ақпарат және байланыс» саласындағы ең үздік жұмыс беруші атанды.

Бағдарлама «Диалог күші» атты салалық пікірталастармен аяқталды. Сарапшылар зерттеу нәтижелерін талдап, салалық көрсеткіштерді салыстырып, әлемдік HR-трендтерді талқылап, HR-практикаларды және болашақ зерттеулерді дамыту бойынша ұсыныстар әзірледі.

Beeline Қазақстанның Адамдар және бизнесті қолдау жөніндегі директоры Жарқын Бекжановтың айтуынша, қазіргі заманғы HR деректерге сүйеніп объективті аналитика басқарушылық шешімдердің негізгі құралына айналып келеді.

«Бүгінде тиімді HR-шешімдерді тек тәжірибе мен интуицияға сүйеніп қабылдау мүмкін емес. Деректер ғана қай тәжірибелердің шынымен нәтиже беретінін көрсетеді, дәл әрі негізделген шешім қабылдауға және адам капиталын дамыту бойынша ұзақ мерзімді стратегия құруға мүмкіндік береді.

Біз үшін Paryz Bridge-ке қатысу – HR-жүйемізге тәуелсіз баға алып, өзімізді нарықпен салыстыруға және жаңа даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік үлкен мүмкіндік берді. Зерттеудің компаниялардың өзін-өзі бағалауына емес, нарықтың ауқымды талдауы мен қызметкерлердің пікіріне негізделгені ерекше маңызды. Beeline-нің жоғары нәтижелері адамдармен жүйелі жұмыстың нақты нәтиже беретінін, ал деректердің корпоративтік мәдениетті дәйекті түрде дамытуға көмектесетінін дәлелдейді», – деді спикер.

Beeline нәтижелері зерттеудегі үздік компанияның бірі екенін, HR-процестердің жетілу деңгейі компанияның негізгі көрсеткіштеріне қалай әсер ететінін көрсетті.

Beeline Қазақстан нәтижелері нені көрсетті?

Зерттеудегі ең қызықты кейстердің бірі – Beeline Қазақстан. Компания салалық жұмыс берушілер рейтингінде бірінші орын алып қана қоймай, зерттеуге қатысқан ұйымдардың ішінде HR-жүйесінің ең жоғары жетілу деңгейін көрсетті.

Зерттеу қорытындысы бойынша компанияның HR-практикаларының жетілу индексі 85% болды. Бұл нарықтағы орташа көрсеткіштен 15 пайыздық тармаққа, ал IT саласының орташа деңгейінен 8 пайыздық тармаққа жоғары. Бағалау қызметкерлерді іріктеу мен оқытудан бастап HR-аналитика, цифрландыру және корпоративтік мәдениетке дейінгі 21 негізгі HR-процесті қамтыды.

Жоғары жалпы нәтижеге қызметкерлер тәжірибесі мен басқару тиімділігіне тікелей әсер ететін бірнеше бағыт ықпал етті.

Зерттеу компанияның ішкі коммуникациялары мен HR-дің операциялық моделін үздік тәжірибе деп атап өтті. Бұл екі бағыт та 100% нәтижеге қол жеткізіп, нарықтағы орташа көрсеткіштерден едәуір жоғары болды.

Нарықпен салыстырғандағы ең үлкен айырмашылық қызметкерлерді қаржылық қолдау бағыты бойынша тіркелді: 95%, ал нарықтағы орташа көрсеткіш – 58%. Яғни артықшылық 37 пайыздық тармақты құрады.

Сондай-ақ келесі бағыттар да жоғары бағаланды:

  • персоналды іріктеу – 90%;
  • жаңа қызметкерлерді бейімдеу – 90%;
  • оқыту және дамыту – 90%;
  • құзыреттерді басқару – 85%;
  • HR-аналитика – 85%;
  • HR-ді цифрландыру – 85%.

Жалпы алғанда, компаниядағы 21 HR-процестің 9-ы нарықтағы орташа деңгейден 20 пайыздық тармақтан астам жоғары нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар зерттеу тек жетістіктерді ғана емес, одан әрі даму жолдарын да көрсетті. Авторлар назар аударуды қажет ететін бағыттардың бірі ретінде кәсіподақтармен өзара қарым-қатынасты дамыту мәселесін атады. Бұл көрсеткіш әзірге нарықтағы орташа деңгейден төмен.

Қызметкерлер пікірі сандармен сәйкес келді

Егер HR-дың даму индексі ішкі процестердің жоғарғы сапасын көрсетсе, Employee Perception Index (EPI) қызметкерлердің компанияны қалай қабылдайтынын көрсетеді.

Бұл көрсеткіш бойынша Beeline – 93% нәтиже көрсетіп, зерттеуге қатысқан барлық компаниялардың ішінде ең жоғары орынға ие болды.

Бұл нарықтағы орташа деңгейден 18 пайыздық тармаққа, ұлттық бенчмарктан 24%-ға, ал IT саласының орташа көрсеткішінен 29 пайыздық тармаққа жоғары.

Яғни зерттеу бір-бірімен тығыз байланысты екі нәтижені көрсетті: HR-практикаларының жетілуі – 85%, ал Employee Perception Index – 93%. Зерттеу авторлары бұл пайыздарды жүйелі көшбасшылықтың көрсеткіші ретінде бағалайды. Бұл жағдайда ішкі процестердің сапасы қызметкерлер тәжірибесіне тікелей әсер етеді.

Жұмыс беруші бренді де өлшенетін көрсеткішке айналды

Зерттеудің тағы бір бөлігі Қазақстан тұрғындарының жұмыс берушілерге деген көзқарасына арналды.

Бұл бағытта да Beeline нарықтағы орташа көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсетті. Компанияның жұмыс беруші брендінің индексі 50%, ал нарықтағы орташа деңгей 36% болды. Яғни айырмашылық 14 пайыздық тармақты құрады.

Компанияның орташа бағасы 10 балдың 7,42-сін құрады. Бұл IT секторының орташа көрсеткішінен (6,33) жоғары болғанымен, жалпы нарықтағы орташа деңгейден (7,77) сәл төмен.

Жұмыс беруші брендінің үздік сипаттамалары:

  • еңбекақы төлеудің тұрақтылығы – 93%;
  • компанияны ұсынуға дайын қызметкерлер – 85%;
  • жұмыс берушіге сенімділігі – 81%;
  • қолайлы еңбек жағдайлары – 83%.

Алты негізгі атрибуттың бесеуі бойынша Beeline жұмыс беруші бренді нарық деңгейіне тең немесе одан жоғары нәтиже көрсетті.

Бизнес-метрикалар не дейді?

Компания еңбек нарығында жоғары бағаланады. Бір бос жұмыс орнына 81 үміткерден келеді. Салыстыру үшін, салалық орташа көрсеткіш – 35, ал жалпы нарық бойынша – 26.

Зерттеу команда құрылымының ерекшеліктеріне де назар аударды. Басшылық лауазымдардың 61%-ын әйелдер атқарады, ал 30 жасқа дейінгі қызметкерлер компания персоналының 35,1%-ын құрайды. Бұл көрсеткіштер де нарықтағы орташа деңгейден жоғары.

Сонымен қатар аналитика алдағы жұмыс бағыттарын да көрсетті. Олардың қатарында, әсіресе жас қызметкерлер арасындағы ерікті жұмыстан кету деңгейін төмендету, сондай-ақ қызметкерлердің әл-ауқаты мен оларды ұстап қалуға бағытталған бағдарламаларды дамыту бар.

Зерттеу авторлары дәл осындай даму бағдарламаларының болуы нәтижелерді жай ғана жұмыс берушілер рейтингінен гөрі басқарушылық шешімдер қабылдауға арналған құнды құралға айналдыратынын атап өтті.

Бұл не үшін маңызды?

Соңғы жылдары HR тек сервистік функция болудан қалды. Зерттеу адам капиталын басқару барған сайын өлшенетін бизнес-функцияға айналып келе жатқанын және персоналды басқару сапасын қаржылық немесе операциялық көрсеткіштер сияқты бағалауға болатынын көрсетті.

Компаниялар үшін бұл өз HR-практикаларын нарықпен объективті салыстыруға, даму жоспарларын анықтауға және болжамдарға емес, нақты деректерге сүйене отырып шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Дәл осындай тәсіл ұйымдар үшін жаңа қалыпты тәжірибеге айналып келеді.

Abai.kz

0 пікір