Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2759 0 пікір 7 Қазан, 2009 сағат 05:43

Нысанбай Сұлтанов. Қазақтың қырылып іздегенін, американдар тауып қойды

Ғасыр бойы қалыптасқан дәстүр бойынша, қазан айының басында нобель айлығы басталып кетті. Сол дәстүр бойынша алғашқы Нобель сыйлықтары медицина және физиология саласы бойынша тапсырылды.

2009 жылғы медицина саласы бойынша Нобель сыйлығы американдық ғалымдар Элизабет Блэкберн, Кэрол Грейдер и Джек Шостакқа табыс етілді. Әлемдегі ең сыйлы сыйлық американ ғалымдарына мәңгі жастықтың кілті бола алатын энзимнің табиғатын ашқаны үшін табыс етіліп отыр. Осы жылдың тағы бір ерекшелігі сыйлық тұңғыш рет екі әйел адамға бірдей берілетінінде.

Нобель сыйлығының осы жылғы таңдауы көпұлтты Қазақстан қауымын, оның ішінде гуманитарлық салада істеп жүрген азаматтарды бей-жай қалдырмасы анық. Жақында ғана Астана қаласында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өткен ғылым-білім жөніндегі арнайы кеңес өткені баршаға мәлім. Сол жиында президентіміз еліміздің идеология саласының ақсап жатқанын баса айтып, тарих, философия, әлеуметтану, саясаттану ғылыми институттарының басшыларын әбден сынап, «сендердің істеп жүргендеріңнің барлығы бекершілік, не болса сонымен айналысып жатырсыңдар» деген еді. Сөз соңында Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ ғалымдары үшін айрықша маңызы бар тақырыптардың бірі ретінде «қартаюға қарсы дәру іздеу керек» деп қалып еді...

Абырой болғанда әбден абыржып, түн ұйқысынан айрылып, төбе шашын жұлып, «Енді не істейміз? Енді қайттік?» деп қиналып отырған қазақ ғалымдарына американдық әрптестері қол ұшын берді. Негізінен, теориялық жағынан мәселе өз шешімін тапты. Қазақ гуманитарийлерінің жандары жай тапты. Алдағы уақытта нанотехнология саласындағылар ойлана берсін дейміз!

Естеріңізге сала кетейік, осы сыйлықтың иегерлерін анықтау үшін Швеция корольдік академиясының Нобель комитеті жыл бойы жұмыс істеп келді. Ол үшін комитет әлемнің көптеген елдеріндегі ірі медицина орталықтарымен, жоғары оқу орындарымен хабарласып, ондағы белді ғалымдар мен сарапшылардың, осыған дейінгі Нобель сыйлығының иегерлерінің арасында сауалнама жүргізіпті. Сол сауалнаманың негізінде сыйлыққа лайықты үміткерлердің ортақ тізімі жасалады. Ақырында сол тізімдегі жұмыстар мен үміткерлер комитет мүшелері арасында талқыланып, дауысқа салынады.

Жылдағыдай Нобель сыйлығының иегерлеріне 10 миллион швед кронасы (шамамен бір миллион еуро) тапсырылады.

Қалыптасқан тәртіп бойынша, сыйлықты тапсыру рәсімі Стокгольм мен Осло қалаларында 10 желтоқсан күні, яғни оның негізін қалаушы, швед өнеркәсіпшісі, лингвисті, философы Альфред Нобель (1833-1896) дүниеден өткен күні өтеді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572