Жұма, 18 Шілде 2025
Бетбұрыс 438 0 пікір 18 Шілде, 2025 сағат 13:21

Жаһандық бастамалар: Қазақстан - Орта держава!

Сурет: planetolog.ru сайтынан алынды.

2024 жылы Германияның «ғылым және саясат қоры» - SWP ғылыми талдау орталығы Қазақстанды әлемдік «Орта держава» тізіміне қосты. 

Бұл тізімге Үндістан, Түркия, Израиль, Мысыр, Сауд Арабия, Бразилия, Мексика сияқты геосаясатта ықпалы зор ойыншыға айналған 12 жетекші ел кіреді.

2025 жылы қаңтарда «Ана тілі» газетіне берген сұқбатында Ел Президенті осы тақырыпты кеңінен қаузай түсіп, еліміздің басты стратегиялық бағыты мен даму нысанасын тәптіштеп айтып берді. Әрине, кез-келген елдің арманы – «Орта держава» тіпті, «Супер державаға» айналу  екенін жұрттың бәрі біледі. Бірақ, аты-затына сай сол мәртебеге ие болып, сол тұғырдан түспеуі үшін де, сол елдің: біріншіден – экономикалық даму көрсеткіші; екіншіден – тұрақтылық пен қауіпсіздік деңгейі; үшіншіден – сыртқы дербес саясат ұстануы сынды факторлар негізгі стандарт болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап сыртқы саясатта көп векторлы бағыт ұстанды. Ішкі дамуда нарықтық қатынастарды түбегейлі орнықтырды. Сонымен бірге БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ), ШЫҰ қатарлы беделді халықаралық ұйымдардың белді мүшесіне айналып, ОБСЕ-ге және БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті. Сирия жаңжалына ара ағайын болып, Астана төрін ұсынды. Әзербайжан мен Армения қақтығысында бейбітшілік миссиясын ойдағыдай орындады. Бірнеше дүркін Әлем діндерінің съезін өткізді. Рим папасының өзі Қазақстандағы  әлеуметтік жатсыну көрмей ұйысқан ынтымақ пен жүректері тоғысқан діні, ділі, тілі бөлек ұлттар мен ұлыстардың  беймарал өмірін тебірене тілге тиек етті.

Қазір еліміз Президенттің тікелей ұсынысымен «Орталық Азия+Ресей, АҚШ, Қытай т.б. деген форумдарды үзбей өкізіп, әлемдік жетекші елдердің назарын аударуда.

Сарапшылар 2025 жылы Қазақстанның экономикасына салынатын инвестиция көлемі  1 триллион АҚШ доллары болады деп отыр. Алматы айланба жолы, әуежайы салынып болды, енді облыс орталықтарындағы әуежайлар күрделі жөндеуден өтуде. Қытаймен Аякөз-Бақты бағытын жалғайтын теміржол желісін салу келісімі транзиттік әлеуетімізді тіпті де арттыра түседі. Германиямен бірлесіп салынатын «Қорғас шығыс қақпасы» әуежайы жобасы екі кезеңді бастан өткеріп, 2032 жылы аяқтаса, еліміз нағыз Батыс пен Шығысты жалғап тұрған транспорт алыбына айналады.

Өткен жылы Қытайдың ICBC банкі елімізге 70 миллиард теңгеден асатын жаңа жоба ұсынды. Қазірге дейін көршінің елімізге құйған қаржысы 26 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Осы уақытта Қытайдың Орта Азиямен арадағы саудасы 95 миллиард доллар болса, оның 44 миллиард доллары біздің елдің үлесінде.

Сонымен бірге Қытайдан Европаға тасымалданатын жүгінің 85%-ы Қазақстан арқылы өтеді.

Еуропалық одақ Қазақстандағы ең ірі инвестор және сыртқы сауданың 40%  үлесімен маңызды әріптес статусын сақтап отыр.

Ресеймен бізді жалғастырып тұрған тарихи байланыстардың маңызы мен мәні мәдениет пен экономика және қорғаныс саласында әлі де өміршеңдік күшке ие болып қала береді.

Жапония және Вьетнам елдерінің елімізге деген ықыласы ерекше.

Қазақстаннан күреп табыс тапқан Еуразия үштігінін  (ERG) мұрагерінің бірі ендігі инвестиция бағытын отандық өндіріске бұрмақшы деген жағымды хабар тарады. Ол іске асса, жылына 15 тонна галлий өндіріп, сирек кездесетін  метал өңдеуде Қытайдан кейінгі екінші ірі алпауытқа айналамыз.

Жыл басында еліміздің Президенті ел дамуының бес басым бағытын белгіледі. Олар:

*Цифрландыру және жасанды интеллект;

*Көлік және транзит;

*Энергетика;

*Агро және өнер кәсіптік кешен; Адам капиталы.

Қазірдің өзінде Орталық Азия бойынша суперкомпьютер іске қосылды сондай-ақ, AI кеңесі, Crurto аймағы, Alem AI орталықтары жұмыс жасап жатыр.

Білген адамға мұның бәрі аз шаруа емес. Әрине, бәрі де тұрақтылық пен берекенің арқасында қолға келді. Арман ешқашан алдамайды. «Орта держеваның» азаматы болып өмір сүріуді бастадық, енді ұзағынан сүйіндірсін!

Омарәлі Әділбекұлы

Abai.kz

0 пікір