Сенбі, 26 Шілде 2025
Билік 280 0 пікір 25 Шілде, 2025 сағат 12:22

Шетелдік спортшыларға ақша жұмсауға тыйым салынды

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Туризм және спорт министрлігі спорт саласындағы қаржыландыру жүйесін жетілдіру және бюджет қаражатын тиімді пайдалану бағытында жұмыс жүргізуде.

Министрліктің ұсынысы бойынша өңірлерде "1 өңір – 1 клуб – 1 спорт түрі" қағидаты енгізіліп жатыр. Бұл қайталанатын қаржыландыруды болдырмауға бағытталған.

2024 жылғы маусымда күшіне енген жаңа заңға сәйкес, командалық спорт клубтарын мемлекеттік қаржыландыру шектелді. Шетелдік спортшыларға бюджет және квазимемлекеттік сектор қаражатын пайдалану заңмен тыйым салынды.

Жаңартылған заң аясында бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді:

  • Олимпиада, Азия ойындары және басқа халықаралық додалардағы көрсеткіштерге сүйене отырып, 60-тан астам басым спорт түрі анықталды;
  • 11 ұлттық спорт түрі басым спорт түрлерінің қатарына енді;
  • І топтағы мүгедектігі бар спортшыларды алып жүретін тұлға ұғымы заңмен бекітілді;
  • Спорт ұйымдары басшыларына арналған ротация жүйесі енгізілді – енді олар 5 жыл мерзімге тағайындалады.

Бұл шаралар спортты тиімді және нәтижелі басқаруға бағытталған реформалардың бір бөлігі.

Abai.kz

0 пікір