Бейсенбі, 31 Шілде 2025
Заң және Тәртіп: 603 0 пікір 30 Шілде, 2025 сағат 16:34

Заң мен тәртіп: Қоғам талабы

Сурет: Instagram желісінен алынды

Саналы азаматтар құрметтеуге тиіс қоғамдық тәртіп дегеніміз адамдардың жұмыс, өндіріс және қоғамдық өмірде әлеуметтік ортақ кәсіппен жалпылық мүддені қорғаудағы сөзсіз байсұнуға тиіс әрекет өлшемдері мен көптің ортақ мүддесін қорғайтын ережелер жиынтығы. Әлеуметтік тәртіп қоғамдық тәртіп, әлеуметтік орта тәртібі, заңдық басқару тәртібі, қоғамдық тазалық тәртібі, жол қатынас тәртібі қатарлыларды қамтиды.

Қоғамдық әлеуметтік тәртіп көпшіліктің ортақ игілігі мен қоғамдық өмірдің нақты талабына уәкілдік етеді. Кемелді әлеуметтік тәртіп орнату – қоғамның орнықты дамуының басты талабы. Қоғамдық ауызбіршілікті нығайтудың алғы шарты. Мемлекеттің алға қойған мақсаттарына жетудегі ірге тасы болып табылады.

Қоғамдық тәртіпті сақтаудың тарихи тұрғыдан алғанда екі түрлі жолы бар. Ол: мұрал мен заң. Әлеуметтік тәртіпті сақтау мұралдық қағидалар мен заңдық тәртіптің аясында мүмкін болады. Сол себепті адамдардың рухани тәрбиесі басты орында тұрады. Мұралдық жауапкершілікті жетілдіргенде ғана адамдардың қоғамдық тәртіпке, заң ережелерге түсінігі артады. Саналы түрде қоғамдық тәртіпті сақтайтын болады.

Ұлы грек ойшылы Аритотил: «Заң дегеніміз тәртіп. Кемелді заң болғанда ғана орнықты тәртіп болады» деп айтып кеткен. Адамзат қоғамы дамып бүгінгі күнге жеткенде де ешқандай мемлекет заң мен тәртіпсіз өмір сүрмейді.

Қоғам дамыған сайын заңға деген қажеттілік солғұрлым артады. Адамдардың заңдық сапасы мен заңдық түйсігі де солғұрлым жоғары болады. Заң мен тәртіп болғанда ғана қоғам орнықты дамиды.

Саналы азаматтар үшін алып айтқанда заң әрі жұмсақ әрі қатал. Сіз шарасыз халге тап болсаңыз заң сіздің мүддеңізді қорғайды, мәселеңізді шешіп береді. Ал ардан аттап, заң ережелерге бағынбай қылмыс жасасаңыз заң сізді соттайды, үкім кеседі, тәубеңізге келтіреді. Қателігіңізді тануға мұрсат береді.

Заң мен тәртіп қоғамның, азаматтардың мүдесін қорғау үшін басты кепіл. Сол себепті де әрбір азамат қоғамдық қатынаста заңда белгіленген әрекет өлшемдерін басты назарда ұстауы керек. Қоғамның орнықтылығы мен дамуына саналы түрде үлес қосуы керек.

Ол үшін заң мен тәртіпке мұқият бойсұнуы, заң мен тәртіпке мұрын шүйіретін керенаулықтан арылуы керек.

Abai.kz

0 пікір