Алтын Орда мен Шағатай ұлыстарындағы моңғол тілі

Қазақ және өзге түркі тілдес халықтар тарихындағы ақтаңдақ мәселелердің бірі – Шыңғыс қағанның жұмбағы мен көне моңғол тілі. Себебі алтай тіл жүйесіне жататын түркі тілімен туыс тіл.
Моңғол империясын мейлі жеккөріңіз не ұлықтаңыз ол қазақ тарихымен тіке байланысты, бұл мейлі мойындаңыз не қарсы шығыңыз өзгермейтін ақиқат. Қазақтың рулық құрамын қарасаңыз көп санды руларды осы 1206-жылғы Шыңғыс қаған құрған империяның айналасынан табасыз, бұл тұрғыдан қарағанда Моңғол империясы Ғұн империясынан да Түрік қағанатынан да қазаққа өте жақын. Кейбір кісілер Шыңғыс қағанға дейінгі куман-қыпшақтардың тіке ұрпағы қазақтар деп Моңғол империясынан қашқалақтауы мүмкін, бірақ қазақтың рулық құрамы мен генетикасын алдау мүмкін емес! Сондықтан Шығыстан келген тайпалардың ұлы имиграциясын жане сол тайпалардың үлкен бөлігінің көне моңғол тілінде мойындауымыз керек. Советтік тарихшылар Шыңғысқаған жорығымен аз ғана адам келді де өте тез жерлік халыққа жұтылып кетті деп кесім айта салған, ал тарихи шындық рас солай ма? Жоқ! Көне моңғол тілі 16-ғасырда Моғолстан мемлекетінде әлі қолданыста болды, Тоқтамысқа дейінгі Алтын Орда хандарының пайзалары неге көне моңғол тілінде жазылған? Түркіленген парыс жане өзге халықтар көп, дәл сол сияқты түркіленуге ұшыраған моңғол тайпаларыда аз емес, тарихта таза моңғол саналатын 20 дан аса тайпа тарихта белгілі. Осы сұрақтарға шамамызша тарихи деректер арқылы жауаптар беруге тырысайық.
Түркі немесе моңғол тілінінде сөйлеуі мүмкін тайпалар мен рулар
1206-жылы Шыңғыс қаған моңғол империясын құрды, империяға бес тайпалық одақ қарады олар татарлар, керейлер(керейттер), наймандар, меркіттер, қамағ моңғолдар қарады. Қамағ моңғолдарға 40 қа жуық ру -тайпалар қараған. Мысалы нирундарға жататын қатаған, салжуыт, барлас, дүрмен, ұрғұт, маңғыт, дулат, суан, барғын, кенегес, шаншығұт(шанышқылы?), тарағұт(тарақты), арулат, сүнит, жажырат, нояғұт, орунаут, бесут, қият, жұрықын қатарлы тайпалар, ал дарлекин тобына ұраңқай, қоңырат, сұлдуз, қоңқотан, баяут, қоралас, оймаут, күрлеуіт, үйсін, жалайыр қатарлы рулар кірген. Осы тайпалардан тыс 1209- жылғы Жошы ханның орман елдеріне жорығы кезінде ойрат, қырғыз, тас, байжігіт, құрықан, тоқас, байт(баят) қатарлы рулар бағындырылды. Осы аталған елуден аса ру-тайпалар моңғолдар немесе моңғол -татарлар деп атала бастайды. Деседе осы ру-тайпалар бәрі дерлік моңғол тілінде сөйлеген емес, қырғыз, құрықан ежелден түркі тілдес тайпалар, оған ешкімде дау айтпайды, наймандар, үңгіттар оларда түркі тілдес тайпалар, себебі Құбылайдың Юань империясы тарихына қатысты Тау Зұң Идың «Күзгі егіншілік естеліктері» атты еңбегінде моңғолдарға керейлер, меркіттер, татарлар, қоңыраттар, жалайырлар, үйсіндер, қатаған, маңғыт, барластар, ойраттар т.б лар жатқызылған. Ал түсті көзді яғни моңғолға жатпайтын рулар қатарына наймандар, үңгіттер, ұйғырлар, қыпшақтар, қаңлылар, арғындар, қарлықтар, тыбалар т.б лар жатқызылған. Шыңғыс қаған кенже ұлы Толеге енші бергендеде найман жерін емес онан өзге шығасқа қарайғы тайпалар жерін моңғолдың төл жұрты, қара шаңырағы ретінде еншіге берген. Деседе бұның өзін толық дәлел деп айту қиындау, үйткені осы тайпалар Юань империясында моңғолша сөйледі деген күндеде олар кейін тілдік ассимилияцияға түскен болуыда мүмкін. Сондықтан найманмен үңгіттен өзге тайпаларды түркі тілінде сөйлеген деп кесіп айту қиын, сондай-ақ барлығы көне моңғол тілінде сөйлеген деп айтуда қиын, үйткені осы тайпалардың қай тілді болғанын дәлелдейтін жазба деректер әлі жоқ.
Көне моңғол тілінде хазылған құжаттармен ескерткіштер өте көп! Сол деректерге қарап көне моңғол тілінің көне түркі тіліне ортақтығы көп екенін көруге болады. Мысалы «Моңғолдың құпия шежіресі» інде жалпы 4400 ден аса сөз қолданылса осы сөздердің 50% дан артығы түркі сөздері немесе екі тілге ортақ сөздер. Бұл тұрғыдан қарасақ 10- ғасырдан бастап куман-қыпшақтардың жаппай батысқа көшуіне байланысты Моңғол даласы мен Сіберияны моңғол тілдес қидандар(қытайлар) мен татарлар үстемдік етуіне байланысты сол далада қалған түркі тайпалары тілі жақтан моңғолдану(қидандасу) болмады деп айта алмаймыз, түріктер мен қидандардың араласуынан аралас тіл пайда болған болуыда мүмкін.
Осы тайпалар 1205-1220 жылдары жаппай батысқа қоныс аудара бастайды.
Моңғол атанған түркі-моңғол руларының Жошы, Шағатай ұлыстарына имиграциясы
Шыңғыс қағанның Орта Азияға жасаған жорығынан кейін моңғол тілінде сөйлейтін көптеген тайпалар, соған қоса олармен бірге көптеген түркі тілінде сөйлейтін рулар қазақ даласы, Шығыс Еуропаға келе бастаған. Бұны көптеген деректер дәлелдейді. Оның ішінде ең көлемді қоныс аудару Құбылай-Қайду соғысы кезінде болған.
Шағатай, Үгедей ұлысына көшу
Наймандардың көшуі осы тайпалардың батысқа көшуінің басы ғана еді, 1219-1224 жылдардағы Хорезм жорығынан кейін Шыңғыс қаған төрт ұлына енші берген. Жошыға Ертістен батысқа қарай, Балқаштан солтүстікке қарайғы жерлер, Хорезм тиген. Шағатайға Қашқария, Тәжікстан, Қырғызстан, Жетісу, Өзбекстан тиген, сонымен бірге оған төрт мыңдық берілген:
Екінші ұлы Шағатай ханның үлесі: 4 мың адам.
Барулатай Қарачар (Барулатай қарашар) мыңдығы. Барулас руынан шыққан. Оның ұрпақтарының бірі Абақа ханның уақытында ұлы әмір болды. Ол оны өте сыйлап, бағалайтын. Ол Такудар Уғулмен (Тәкудар оғылмен) бірге көшіп-қонатын, оның есімі Ижик (Ежік) ноян еді.
Мөңке ноян мыңдығы
Жалайыр руынан шыққан. (Ол) Дуа (хан) әскер беріп Хорасан шекараларына жіберген Есұр ноянның әкесі. Ол Балх пен Бадғис төңірегінде орналасқан еді. Олжаның арасында біз оның ұлдарының бірін алып келдік. Ол Наурыздың бауыры Хажи (Қажы) әмірдің қолында еді, осы жерде дүние салды. Ол жақта оның басқа ұлдары бар.(1).
Шағатайға бастапқы кезде төрт мыңдық әскер берілген, оны отбасымен қоса есептесек 20000 моңғол-татар Жетісу мен Қырғызстанға көшкен дей аламыз біздегі жалайырлар осы мыңдықпен қатысты деуге негіз бар. «Зәфарнаме» бойынша да Әмір Темірдің арғы аталары Шағатай үлесіне тиген барластар болған. Бірақ бұл онымен тоқтамағаны белгілі, 1231 жылғы шүршіт жорығы, 1236-1242 жылдардағы Еуропа жорығы кезіндеде Байдар сияқты Шағатай ұрпақтарының қол астына келгендер аз болмаған. Мәуераннахрдағы барластар мен қашқариядағы дулаттар онан кейін келген сияқты, «Тарихи-Рашиди» де Мұхаммед Хайдар Дулати арғы бабасы Өртөбенің Шағатайдың сенімді әмірлерінен екенін айтады. «Моңғолдың құпия шежіресі» бойынша Шағатайға 8000 әскер берілген, ол кемі 40000 халық деген сөз. Бұл сан кейінгі Еуропа жорығы мен Хулагудың Орта шығыс жорығы кезінде де арта түскен. Шағатай ұрпағы Алығудың әскері 120 мың адамға дейін жеткен, оның құрамындада 1269 жылдан кейін ауып келген моңғол-татарлар аз болмаған деуге негіз бар.
Жоңғария жері, Батыс моңғолия, Шығыс Қазақстан жері Үгедейдің үлесі болған. Рашид-Ад-Дин бойынша Үгедейге 4000 әскер берілген.
Үшінші ұлы Үгетай үлесі: 4 мың адам
Елуғай мыңдығы. Олар Жалайыр руынан шыққан.
Елак Туа мыңдығы. Сұлдұс руының тамғалық тармағының сүйегінен шыққан Илчигитийдің(Елшігітайдың) үлкен ағасы болған. Олардың ұрпақтарынан бұл мемлекетте Хорасанда мыңдық әмір болған Тума бар, қазіргі кезде ол Мулай әмірдің түменінде мыңдықты басқарады.
Дайир (Дайыр) мыңдығы. Қоңқотан руынан шыққан Меңлік атаның әулетінен тараған. Дигай мыңдығы. Ол бисут руынан шыққан, (бұл мыңдық) негізгі нұсқада жоқ» (2)
4000 әскер 20000 халық болғанымен бұнымен ғана шектеуге келмейді, «Моңғолдың құпия шежіресі» бойынша Үгедайға 5000 әскер берілген, ол кемі 25000 халық деген сөз.
Деседе ең көлемді имиграция 1260-1301 жылдар аралығында болған, әсіресе 1264- жылы Арық Бөке Құбылайдан жеғңлгеннен кейін көшпенділік дәстүрге адал көптеген адамдар Үгедейдің немересі Хайду ханның маңына топталады.
«Үгедей қағанның немересі Қайду Құбылайға қарсылық жасап, олардың ортасында бірнеше рет соғыстар болды. Сонда Қайду Үгедей қағанның әмірлерінің басшысы болған Арулатпен тағыда басқада ру-тайпалармен ұлы жұрттан (Моңғол үстірті) көшіп Шығатай ұлысының маңына келіп қоныстанды» (3)
Демек көптеген моңғол тайпалары Алтай тауынан асып Аякөзге дейінгі, оңтүстікте Қырғызстан жеріне дейін қоныстанған. Көшкен халық кемі неше жүз мың біздің пікірімізше 400 мыңнан аз емес, әйтпегенде Қайду 100-120 мың әскер жасақтай алмас еді. Үгедей ұлысы моңғол-татарлар ең көп қоныс аударған ұлыс деп айтуға негіз бар.
«Ол (Қайду) өте ақылды, қабілетті және айлакер кісі болатын. Барлық істерін ол қулықпен және айламен ұйымдастыратын. Ақылдылық жолмен ол екі-үш мың әскер жинап, Құбылай қаған Машынды жеңіп алу үшін Қытайда тұрақтап қалғандықтан әрі қашықтық алыс болғандықтан, Қайду мойынсұнбаушылық білдірді. Сосын (Құбылай қаған) оны және оның үйінің өкілдерін Құрылтайға шақырғанда олар үш жыл бойы түрлі сылтау айтып, бармады. Аз-аздап ол жан-жақтан әскер жинап Жошының әулетімен достыққа ие болды, сөйтіп олардың көмегімен кейбір аймақтарды басып алды» (4).
«Терістіктегі татарлардың көсемі Қайду. Ол Шыңғысқағанның ұрпағы, бірақ еш ханға бағынбайды. Оның халқы ата-бабаларының салтымен жүреді, сондықтан олар таза татарлар саналады. Бұл тауарлар түгел дінсіздер (тәңірге ғана табынады), нажағай тәңірі дейтін тәңірлері бар, тәңірді аспанмен жердің құдайы деп санайды. Нажағай жерден өніп шығатын барша өсімдікті басқарады деп біледі. Олар осы тәңірлерінің бейнесінен киіз мүсін жасайды» (5).
Жошы ұлысына көшу
Шыңғыс қаған Жошыға Ертіспен сырдария арасын, Аякөзден Еділге дейінгі аумақты берген кезде осы жұртқа ие болу үшін оны аз болмаған әскермен қалдырып кетті. Үлкен ұлы Жошы ханның үлесі 4 мың адам (әскер) болған.
«Муңкаур (Мыңқауыр) мыңдығы. Сижуыт руынан шыққан. Батудың кезінде ол сол қанатты басқарды. Қазіргі кезде Тоқтаның әмірінің бірі Чаркас (Шеркес) оның ұлдарының бірі.
Хушитай (Үйсінтай) мыңдығы
Хушин (Үйсін) руынан шыққан, Бөрші ноянның туысқандары қатарына жататын, үйсін (әмірлерінің) бірі.
Байқу мыңдығы. Майқу (Байқу) Хушин (Үйсін) руынан шыққан. Ол бараун қарды, яғни оң қолдың (қанаттың) әскерін басқарды.
Шыңғыз хан бұл аталған төрт әмірді (Мыңқауыр, Кішіктай (Кішітай) Құнан, Хошытай, Байқу) төрт мың әскерімен Жошы ханға табыстады. Қазіргі кезде Тоқта мен Баянның әскерінің көп бөлігі осы төрт мыңдықтың ұрпақтары. Соңғы уақытта қосылғандар – олар орыстардың, шеркестердің, қыпшақтардың, мажарлардың және оған қосылған өзгелердің әскерлері. Сондай-ақ олардың бір бөлігі аға-інілердің арасындағы алауыздық уақытында сол жаққа (Жошы ұлысына) кетуге мәжбүр болғандар.(6).
Осы дерекке қарама-қайшы бір дерек Шыңғыс қаған Жошыға 9000 үй, яғни 9000 әскер берген деген дерек. Жошыға тиген Майқы бастаған үйсін қазақ үйсіндерінің тіке бабалары деуге толық негіз бар, ал сижут немесе сежуейт ноғайларда қалған. Бұдан кейінде Дешті-Қыпшаққа көшушілер аз болмаған. 1224-1240 жылдардағы соғыстардан кейін Дешті-Қыпшақта жан санының азайғаны байқалады, Хорезм соғысында қазақ даласында соғыс болмағанының да бір себебі қаңлылардың оңтүстік тобы Хорезмді жақтап үй-ішімен қалаларға топталған сияқты.
Жошының үлкен ұлы Орда Ежен інісі Батуды әке тағына отырғызып, Жошы әскерінің жартысын өзі жартысын Батуға берген. Вассаф Бату Жошының бір түмен әскеріне ие болған, ал төрт мыңдыққа оның ағасы Орда Ежен ие болғанын хабарлайды. Алайда ол төрт мыңдықпен қоса он мың отбасы болып Жошының алғашқы жұрты Ертіс бойында болған. Орда Ежен иелігінен кейінгі Хулагудың жорығынада бір түмен әскер қатысқан екен. Ол кезде Орда Еженнің кемі 50 мың әскері, 250 мың халқы болған (7).
Бұлардан сырыт 1236-1242 жылдардағы Шығыс Еуропа жорығы кезіндеде көптеген рулар батысқа көшіп Жошы,Шағатай ұлыстарының құрамына кірген.
Әбілғазының айтуынша:
«Бату хан Еуропа жорығынан кейін ағасы Ордаға он мың үй , інісі Шәйбанға 15 мың үй берді, оған құсшы, найман, қарлық, бұйрат елдерін берді» дейді (8).
Бұл дерек бойынша Шибанның үлесі саналатын Торғаймен Жайық арасындағы жерлерде шығыстан келген ұйғыр мен найман, жане найманға қарасты құшшы (кұшут найман) елдері, бұрын Жетісуда болған қарлықтар тиген әрі осылай көшіп келген.
Рубрук пен Карпиниде Украин жерінен өткен кезде қырылып жатқан кумандар (батыс қыпшақ) туралы айтады. Сонан кейінде жаулаушылармен ілесе көшіп келушілер көбейген.
«Сайын хан (Бату хан) Шәйбан ханға бұрынғы берген 30 мың кісіге қосып тағы 10 мың қият жоралдайларды қосып Қырыммен Кәффә уалаяттарына тағайындап жіберді.(9).
Жошы ұлысына тағы шүршіт, таңғыт, қидан, ұйғыр сияқты шығыстық халықтар да ауып келген.
«Тоқта хан қайтыс болады, ұйғыр тайпасынан шыққан Бажыр-Тоқбұға деген біреу бар еді. Ұйғыр елі саны көп жане күшті еді тағы ханның аталығы болатын. Оны шәйтан азғырып өзін хан етіп жариялады» (10).
Ұйғырлар бұрын қазыргі Қытайдың Шыңжаң провинциясының шығысында жеке мемлекет еді, 1209 жылы Шыңғыс қағанға өз еркімен бағынды, 1219 жылғы жорыққа он мың әскер қосты, кейін олардан да Дешті Қыпшаққа көшкендер көбейгені байқалады, олар буддизмге сенген халық еді.
1312 жылы Өзбек хан мұсылман болған соң ислам дінін қабылдамаған түркі-моңғолдар қалмақ атанады.
«Қалмақтарда мынадай қағида бар болатын: Хан немесе ұлы адамдар қайтыс болғанда әр рудың адамдары топ-топ болып келіп , қайғылы көңілін білдіріп чәп (бәлкім жә) чәп деп үш қайталап қайғылана дауыстайды. Ұлы тауда олардың арасында осы салт әлі сақталып келеді (11).
Қалмақ XVII-XVIII ғасырдағы жоңғарлармен Еділ қалмақтары емес қайта ислам дінін қабылдамаған түркі-моңғол тайпалары екені анық.
Тоқтамыстың ең сенімді рулары: шырын, барын, арғын, қыпшақ еді (12). Барындарда қазақ құрамынан тыс қалмаған кіші жүз байбақтылар ішінен көрінеді.
Алтын орда әмірлері арасында қытай руынан Баба әлі би, кенегес Қуған сияқты беделді адамдар бар еді(13).
1300 жылдардан кейін Жошы ұлысындағы көшпелілер 92-ден аса ру болып, «92 баулы өзбек» атанады.
Тоқсан екі рудың аттары мынандай: 1. Мың, 2. Жүз, 3. Қырық, 4. Үгажат, 5. Жалайыр, 6. Прай, 7. Қоңырат, 8. Алшын, 9. Найман, 10. Арғын, 11. Қыпшак, 12. Қалмак, 13. Фрат. 14. Қырықтық, 15. Торғауыт, 16. Бурлан, 17. Шымыршық, 18. қатаған, 19. Кәжі, 20. Кенекас, 21. Бүйрат, 22. Ойрат, 23. Қиат, 24. Бағлан, 25. Қытай, 26. Қаңлы, 27. Өзбек (өзінше білуші), 28. Қойшы, 29. Бұланшы, 30. Шабұт, 31. Жоют, 32. Шілшауыт, 33. Баяуыт, 34. Отаршы, 35. Арлат, 36. Қерейт,. 37. Ұнғұт, 38. Манғыт. 39. Танғұт, 40. Оймауыт, 41. Қашат, 42. Меркіт, 43. Бұркат, 44. Қият, 45. Қоралас, 46. Төралас, 47. Қырараб, 48. Илашы, 49. Шұбырған, 50. Қышлақ, 51. Оғлан, 52. Түркмен, 53. Дүрмен, 54. Табут, 55. Тама, 56. Мачад. 57. Кердері, 58. Рамдан, 59, Керей, 60. Бадай, 61. Қафсана, 62. Қырғыз, 63. Ұяршы, 64. Жойрат, 65. Үйсін, 66. Жорға. 67. Баташ, 68. Қойсын, 69. Молдыз, 70. Тебел, 71. Татыр, 72. Телеу, 73. Басхал, 74. Ниан, 75. Қазған, 76. Шірін, 77. Ұнтан, 78. Курлат, 79. Шілкас, 80. Үйкорған, 81. Тарғыт(Тарақты),82. Жабу, 83. Суран, 84. Тұрғақ, 85. Мутиян, 86. Қаска, 87. Мажар, 88. Тушлық, 89. Шоран, 90. Шүршіт. 91. Баһршы, 92. Ұйғұрат (14).
Жоғарыдағы тізімдеге тайпалардың 38 і шығыстан келген рулар, әрине олар тегіс көне моңғол тілінде сөйлеген жоқ, ұйғыр, найман, қырғыз, үңгіттер дау жоқ түркі тілдестер, ал шүршіт тұңғыс тілдес, таңғыт тибет тілдес, өзгелерінде моңғол тілдестер көп екені айқын. Ал өзге рулардың көбі жергілікті рулар немесе араласқан атауы жаңа пайда болған тайпалар.
Дешті Қыпшаққа ауған шығыстық түркі-моңғол рулары туралы өзге деректерде көп, ол деректер бойыншада батысқа ауған тайпалар санының аз болмағанын білуге болады.
Шайбанинаме деректері бойынша Әбілқайырды жақтаған рулар ішінде Жұрқұн, Түмен. Ұйғыр, Дүрмен, уйшун, қийат, қоңырат, маңғыт ,уртачи, найман рулары болған (15).
Бір ғана Хорезм жорығында қытай деректері бойынша 400 мың әйел моңғол әскерлеріне тұтқын болып олар дерлік соларға әйел болды делінеді. Демек әр әсукрге 3-4 әйелден тиген. «Жошы, Шағатай, Үгедей бірігіп Үргеніш қаласын алған кезде жеті күн, жеті түн соғыс болып соңында 100 мыңнан аса әйелдер мен балалар, ұсталар аман қалып олар моңғол қосынымен бірге кетті» (16).
Қалай деген күндеде осы көне моңғол тілдес ру-тайпалар біртіндеп таза түркі тілдес рулармен араласып біртіндеп түріктене бастаған.
Бұл туралы араб тарихшысы Әл-Омари былай деген екен: «Ертеде бұл мемлекет қыпшақтар елі болған еді, ал оларды татарлар билеп алғаннан кейін қыпшақтар солардың қоластына қарап қалды. Сонан кейін олар (моңғолдар) бұлармен (қыпшақтармен) араласып туысып кетті, жер олардың табиғи және нәсілдік сипатын өзгертіп жіберді. Олардың бәрі бір атадан туғандай қыпшақ болып кетті, осыдан кейін моңғолдар қыпшақ жерінде мекендеп қалды. Бұлармен неке қиысып олардың жерінде тұрып қалды» (17).
Әл -Омари тек Шығыс Еуропа тарапындағы қалың куман, арғын, қыпшақ рарасындағы моңғолдардың ассимилияциясы туралы айтса керек, ал анығында Шығыс тарапта әсіресе Моғолстанда моңғол тілдес рулар басым болдыда моңғол тілі неше ғасыр бойы сақтала берді.
Шағатай ұлысындағы моңғол тілі
Жоғарыдағы деректерден жүз мыңдаған моңғол-түрік рулары батысқа қоныс аударғанын көрдік, сірә олардың нақ қайсы рулары моңғолша сөйлегенін, моңғолша сөйлеген халықтың қанша екенінде айту қиын. Деседа Жошы ұлысымен салыстырғанда Шағатай ұлысында моңғолша сөйлегендер әлде қайда көп болған, үйткені Қайдуды қолдаған , моңғолдың көшпенді дәстүрін сақтауды дәріптегендер жаппай Үгедей, Шағатай ұлыстарына көшкен, сол себепті Шығыс Шағатай ұлысы «Моғолстан»(моңғол жері) деп аталған. Шағатай ұлысы мен кейінгі Моғолстанда көптеген көне моңғол тілінде жазылған құжаттар бар.
Кебек ханның хаты[18].
Текст[19]:
Моңғолша | Қазақша |
1. Кебек үг ману
2. Жабағұд Хұмару 3. Нэрт хүмүүн бор 4. Хагалсны тул 5. Алгүй нэрт илч 6. Төлөгэн авсныг эеэ Хөг-Буха 7. Гаас бүү эртүгэй хемээн хар нисту 8. Бичиг өгөв. Барс жил зуны 9. Эцэс сарын дөрвөн хуучнаа 10. Чибинлигаа бүхүйд бичив |
1. Кебек менің сөзім
2. Жабағұд Хұмар 3. Атты адам қоңыр 4. Жер бөлуге байланысты 5. Алгүй атты елші 6. Ол сыйлықты алды(апты), Хог-Буха 7. Тым ерте бармаңыз деп 8. Хат(бітіг) берілді. Барыс жылы жаздың 9. Алғашқы айының төрті ескі 10. Чибинлидағы кезде жазылды(бітіктелді) |
Үндістаннан табылған құжат[20]
Жарлық хатта аты аталған бектемір әсілі Шағатай ұлысының ханы Бұқа Темір— Шағатай хандығының ханы болса керек (1272?-1282). Ол Қадақчидің ұлы еді.
Шамамен 1272 жылы Бұқа Темір Қайдуға қарсы көтеріліске шыққан Негубейді өлтірді. Осының сыйы болар, Қайду оны Шағатай хандығының басшысы етіп тағайындайды. Көп ұзамай ол ауруға шалдығып, оның билігінің қалған уақытында өз билігін таңу мүмкін болмады. Ол Алғу мен Барақ ұлдарының, сондай-ақ Илхандық әскерлердің шабуылдарына қарсы дәрменсіз болды. 1282 жылы оның орнына Дува хан билікке келді.
Текст(21]:
Моңғолша | қазақша |
1. Ханы зарлигаар
2. Бигтөмөр үг ману 3. Идугхуд чинсан(а) хуба 4. Жиуучин Бай-хиад(а) Сочин 5. эхтэн ноедод эн-э Сэвинч- 6. Буха борчи нас бор (ара)хи- 7. иг хадгалж явахын тул 8. Индустан эхтен элчин(э) 9. авч одох бор архийг 10. хадгалж, жиген асарч 11. явтугай . Индустан эхтэнд 12.элчин одоход бор архи 13. лугаа хамт гурван улаад 14. одтугай хэмээн ништу бэлгэ 15. бичиг өгөв. Хонин жил арван сарын найман хучнаа 17. Булгада бүхүйд бичив |
1. Хан жарлығы
2. Бектемір менің сөзім 3. Идіхұт чинсан құба 4. Жиуучин , Бай Хияд Сочин 5. аналар ішінде осы Себнич 6. Бұқа боршы жңа қоңыр (ара)хи(арақ)- 7. сақтап оны 8. Үндістанның елшісіне 9. Қоңыр әркіден (арақ) 10. сақтаңыз және күтіңіз 11. жіберңіз. Үндістанға аналарымыз 12. елші жібергенде қоңыр түсті ішімдік(арақ) 13. Үш қызылынан бірге 14. сый нашаны ретінде берсе деп 15. хат(бітік) бердік. Қой жылы оншы айдың сегіз ескі 17. Булгадағы кезде хат(бітік) жазылды |
Иесунтемір ханның жарлығы
Иесун Темір— Шағатай хандығының тәңір дініне сенетін ханы (1338–1342 жж.). Ол Чанши ханның інісі болған. Оның есімі моңғол тілінде сөзбе-сөз «Тоғыз темір» дегенді білдіреді.
Оның ата тегі былай:
«Шағатай өлген соң оның орынына ұлы Мүтүгеннің ұлы Қарақұлағу отырады, онан соң орынына Мүбәрәк шах, онан кейін Байдардың ұлы Алығу патша болады (осы кезде Шағатай ұлысын Хайду хан бағындырған еді) , онан кейін Иесумөңкенің ұлы Барақ хан болады, Барақтан соң Сарманның ұлы Беги хан болған. Онан кейін қайтадан Мүтүген әулетінен Бұқатемір, онан соң Барақтың баласы Дайсешін, онан кейін оның ұлы Күнше хан болды. Онан кейін МүТүген әулетінен Талиға, онан кейін Дайсешіннің ұлы Есенбұқа хан болды. Онан кейін Хажен хан, онан кейін Дөңтемір хан, онан кейін Тармаширин хан болады. Дайсешіннің ұлы Боран Тармаширинді өлтіріп өзі хан болады, онан соң Дайсешіннің ұлы Чанши хан болады, онан кейін оның туысы Иесүн Темір хан болады»[22]
Иесун Темір ханның бұл жарлығының қашан жазылғаны мәлім емес. Хатта Хочу(Қазіргі Қытайдың Шыңжаң провициясына қарасты аймақ)- Тұрпан жерінен жолға шыққан әскери күзет бастығы Көкбұқа есімді адаммен анасы Борчин атты адамға жол бойындағы бекеттердегі қызметкерлердің оларға жеткілікті азық-түлік беруі туралы туралы әмір берілген.
Суреттің келу қайнары: [23]
Текст:
Көне моңғол тілінді | Қазақ тілінді |
1. Yisüntemür-ün jаrlg-iyr 2. Temür-satilmis akiten 3. togačin šügüsüčin üge 4. manu jagur-a bükün jamudun 5. ötögüs-e ade Kög-buq-a 6. ekiten borčin Qočo-tur odba nasu odqui 7. ireküi-tür ulgčidača ögör-e dörben 8. ulgad ögčü yorčigultugai jamača 9. baguju morilatala yerüyin künesün bolgan 10. qoyar köl miqan qoyar saba umdan qoyar 11. badman künesün ögčü yorčigultugai kemen 12. niša-du bičig ög-bei bars jil namurun 13. ečüs sar-a-yin qoyar qaučin-a Türgen-e 14. büküi-tür bičibei |
1. Иесунтемүрдің жарлығы
2. Темүр –Сәтілміш анадан 3. Тоғашы(қазаншы), сорпашының сөзі 4. Менің көрсетілген жолдарым 5. Күзет бастығы осы Көкбұқа 6.Анасы Борчин Қочудан кетті, ұзап кеткенде 7. Еріп(жүріп) келген кезде лаушылардан басқа төртеу 8. беріп жортқыза беріңдер жолда 9. Қайтып аттанғанша кәдімгідей азық болған 10. Екі сирақ ет, екі саба сусын, екі 11. Батпан азық беріп жортқызыңдар деп 12. Нышанда бітік(жазба) бердім барыс жылы күздің 13. Басқы айының екісі қаушына түргендегі 14. Кезде бітіктелді (жазылды) |
Тұғлық темір ханның жарлығы
Тұғылық Темірхан Есенбұқа ханның ұлы, Есенбұқа ибн Дава(Дууа) хан ибн Барақ хан ибн Қара Усұн ибн Мамыкен ибн Шағатай ибн Шыңғыс хан[24]
Тұғылық Темірге шешесі Меңлік қатұн жүкті кезде Есенбұқа ханның бәйбішесі Сатилмиш оны бір әмірге силайды. Есенбұқа өлгеннен кейін оның тағы бос қалады, Дулат әмірі Болатшы оны 16 жасында қайта алып келіп хан сайлап әкесінің тағына отырғызады.[25]
Тұғылық Темір Сыртқы саясатта Тоғылық Темір хан Шағатай мемлекетін біріктіруге күш салды. Сол мақсатпен ол 1360 және 1361 жылдары екі рет Мауераннахр жорықтар ұйымдастырады. 1361 жылғы көктемдегі екінші жорығы өте нәтижелі болып, Мауераннахр Моғолстанға қосылады. Тоғылық Темір хан онда ұлы Шлияс Қожаны әкім етіп тағайындайды. 1362/63 жылы 34 жасында Тоғылық Темір хан қайтыс болады. Ол Алмалық қаласында жерленеді. Ұлы Ілияс Қожа хан таққа отырады[26]
«Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген «… қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». [27]
Тұғылық Темірдің жарлығына келетін болсақ ол көне моңғол тілімен жазылған, хаттың қашан жазылғаны белгісіз. Хатта аталатын Хочу ол қазыргі Тұрпан аймағы(Қытайдың Шыңжаң провициясына қарасты), хатта Әсен(бәлкім Есен) атты әмірге Тұрпан жерінің суларын қорғап тиімді пайдалану, ханның әміріне сай істеуі туралы жарлық беріледі.
Суреттің келу қайнары: [28]
Текісті:
Көне моңғол тілінде | Қазақ тілінде |
1. [Tuglu]gtemür üge [manu] 2. Qočo-yin Čingtemür idiqud-ta arketü darug-a 3. [Tü]men-bolad-qiy-a Ötemiš-qudlug-qiy-a 4. ünen erk[eten da]rugas noyad[-ta ...]-širi [...........] 5. -buyan Turmiš-te[m]ür Tükel-qiy-a Kerei akiten 6. tüsimed-te an-e Asen-i Qočo-yin usun-i Yus-qanč-a-[yin] 7. ded bolun metetügei kemen tüsibei bas-a qorigi qadaglatugai 8. [k]ed ber bolju usun-i qorigi Asen-eče ačinegün anggidagun Yus- 9. -qanč-a buu yabugultugai: mörten yosuntan üges-i büsi buu 10. bolgatugai kemebei ayin kemelügüged [=kemegülüged] bür-ün ked ber bolju 11. Qočo-yin usun-i qorig-i Asen-eče ačinegün anggidagun yabugulbasu 12. temečebesü qalbasu 13. jаrlg-un yosugar ülü ayiqun aldaqun ta kemen al nišan-tu 14. bičig ögbei qulagan-a jil junu ačüs 15. sar-a-yin dologan qaučin-a 16. Berg-čimgen-e büküi-tür bičibei |
1. Тұғылық Темір сөзі(менің)
2. Қочудың Чыңтемір идіқұты сіз ерікті даруға(басқарушы) 3. Түмен Болат қыиа (жәрдемші), Өтеміш Құтылық қыиа 4. Ұнамды(сенімді), ерікті даруғалар, нояндар, сіз...сірі 5. Бұян Тұрмыш, Тұрмыш Түкел қыиа керей анасы 6. Түшімед(билер) Асеннің Қочуының суындағы иүс Қаначаны 7. Төмендегідей деп білсін деп жасадық ,басқада(және) қорғап қадағалау болсын. 8. Қанша да болсада суды қорғауды Әсенде еш ұмытпасын, бөлек иүс 9. Қаншалық босата жіберседе жосынды, сөзді бұзу бос(жоқ) 10. Болсын дедік. Солай дегенімізді әрі бірі болып 11. Қочудың суын қорғау Әсеннен (еш рұқсатсыз) жасырын жүргізілсе 12. Қарсыласса, расталса 13. Жарлық жосынынан қорықпаса алдыртады(өледі), сіздерге осы нышанда 14. Бітік берілді, тышқан жылы жаздың соңғы 15. Айының жетісі Қаучын 16. де Чімгендегі кезде бітіктелді |
Тағы екі құжат
Мал санағы[29]
Текст[30]:
Моңғолша | Қазақша |
Малын данс ...]
1. ирхин хоёр [...] 2. [...] ирхин үхэж 3. Хохажуд бүхүүн иргэсийн ашиг ирхин тубай гүүд тав[ун] хоёр 4. Даваад нэгэн унага хамагч найман болов. Тахиху жилээс үхэр 5. жилд хүртэл ордод дөрвөн арвад зургаан морьд гаргаж 6. Хорин найман морьд үхүүж хорин зургаан даагад унагад 7. Чононд идүүлж 8. Тахар барст иргэсийн ашиг ирхин туулав 9. Тонгаямист бүхүн сувай гүүд гурав даагад 10. [...] гурван загт наян унагад гурван хамагч арван болов. 11. Тахиа жилээс үхэр жил хүртэл ордод тавин есөн морьд 12. Гаргаж дөрвөн ихэс морьд үхжээ. Арван хоёр даагад унагад 13. Чононд идүүлж нэгэн 14. Тохоч-хэлтэйд нэгэн гүү туулав. Тахиа жилээс үхэр жилд 15. Хүртэл ордод найман морьд гаргаж арван дөрвөн морьд [үхжээ.] 16. Хар сахалт гүүд хоёр унагад хоёр нэгэн азарга нэгэн даагаан 17. Хамагч зургаан болов. Тахиа жилээс үхэр жил хүртэл 18. Хорин дөрвөн морьд гаргаж арван гурван морьд үхжээ. Эд үхэгсэд 19. Дотор ихэс морьд таван тав 20. Хар сахалд зургаан сагарин тонгаямист дөрвөн сагирин Шиван 21. -д гурав сагарин ононд долоон сагарин сархусынд гурван 22. Сагарин үжхэнд тахиа жил наян гурван эд морьдоос орд 23.-д таван зургаан гаргаж ихэс морьд арван дөрвөн 24. Даагад унагад хорин есөн чоно идэж [...] |
Мал есебі ...]
1. ерген екі [... 2. [...еріп] келіп өлді 3. Хохаджуда бүкіл ерлердің пайдасы елу екі 4. Бір(некен) төл өліп қамұғы(жиыны) сегіз болды. Тауық жылғы сиыр 5.жылы келгенде қырық алты жылқы үстемелеп өсдірілсін 6. Жиырма сегіз жылқы өліп, жиырма алты тай әкелініп 7. Қасқырларға жем болған 8. Тахар Барст азаматтарға(ерлер) жеңілдіктер жүргізіп өтті 9. Тонгаямда бүкіл запас үш есе 10. [...] үш жүз сексен құлын ,қамұғы (жиыны)он болды. 11. Тауық жылынан сиыр жылына дейін елу тоғыз жылқы. 12. Төрт жас жылқы өлді. Он екі құлын 13. ды қасқырлар жеп қойды некен(бір) 14. Тохоч-хелтейде бір(некен) бие өлді. Тауық жылымен сиыр жылына 15. дейін сегіз жылқы, он төрт жылқыны шығарып тастадық[өлді.] 16. Қара сақалды, екі құлын, бір(некен)- екі айғыр, бір(некен) аналық 17. қарауда қамұғы алтауы болды. Тауық жылынан сиыр жылына дейін 18. Жиырма төрт жылқы шығарылып, он үш жылқы өлді. Өлі денелер 19. Ішінде бес-бес жылқы 20. қара сақалды алты Сагарин тонгаями және төрт сагарин Шиван 21. үш сағарин ішінде жеті сағарин , сағариндерді үш 22. Сагарин қорада тауық жылы сексен үш жылқы өсіп 23. елу алты жылқы шығын болды, он төрт 24. Құлынды жиырма тоғыз қасқыр жеді [...] |
Екінші құжат[31]
Текст[32]:
1. Алтын бичиг Даш Сархүү увш
2. танд илгээв. Таны бие хотол уг 3. цөм мэнд сайн уу: Бид энд их бага 4. бүгд мэнд сайн 5. Алтын бичиг 6. Дамиранд илгээв. Таны бие 7. Тунгалаг амар сайн уу: Бид энд их бага 8. цөм мэнд сайн. Алтын бичиг 9. Доной Шид Гүрү Цамбан Сархүү 10. таны бие хотол уг цом мэнд сайн уу: 11. Бид энд мэнд сайн. |
1. Алтын бітіг(жазу) ,Даш Сархуу, иә
2. сіз жіберіасіз. Сіздің бейнеңіз(бой,тұлға), қалаңызға сөзбен 3. чоң (үлкен)сәлем(сән,жақсы):біз енді егей(үлкен)-кішіге 4. бүкіліне жақсы(сән) сәлем 5. алтын бітігті 6. Дамиранд апарады. Сіздің бейнеңіз 7. Тұнық(таза), әмір(тыныш), жақсы(сәнді):біз ана(осы), егей(үлкен), кіші 8. чоң (үлкен)сәлем(сән,жақсы): Алтын бітіг 9. Доной Шид Гуру Цамбан Саркху 10. Сіздің бейне(тұлға), қалаңызға сөзбен чоң (үлкен)сәлем(сән,жақсы) 11. Біз ден дұғай сәлем(сән, жақсы) |
Көне моңол тілінің қолданыста болғанын дәлелдейтін деректер
Көне моңғол тілі Үгедей-Шағатай ұлыстарында негізгі тіл болды деп айтуға болады, әрі моңғол тілі ең ұзақ уақыт қолданыста болып 1504 жылы Моғолстан ыдырағанша үкімет тілі болған. Моғолстан ыдыраған соң барып әр ұлысқа тараған моңғолдар(моғолдар) ассимлияцияға түскен. Көне моңғол тілі туралы «Тарихи Рашиди» кітабында көп деректер бар, мысалы:
«Әулетімізде Шыңғыс ханнан мұра етіп берген тоғыз артықшылыққа Тұғылық Темір қол қойған жарлығы жөнінде айтылған болатын, бұл жарлық менің отбасыма мұра ретінде жеткен болатын. Мен оны өз көзіммен көрдім, онда моғолша(моңғолша): <Құндызда жазылған> деген сөздер бар болатын.»(33)Ал осы бабаларымнан мирас ретінде әкеме жеткен жарлық Шәйбани ханның аласапыраны кезінде жоғалып кеткен. Жарлық көктем мезгілінде доңыз жылы Құндызда моғол(моңғол) тілінде әрі моғол графикасымен жазылған еді»(34). Автордың бұл деректеріне қарағанда автор өзіде моңғол тілін білетін адам екені байқалады, әрі түрікшегеде, парысшағада жеттік болған. Егер моңғолша білмесе жарлықты оқи алмас еді, бұдан 16- ғасырдың басына дейін моңғол тілі моңолстанда сақталғанын көруге болады.
Ерзат Кәрібай
Abai.kz