Сейсенбі, 2 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 276 0 пікір 2 Қыркүйек, 2025 сағат 14:35

Қытай Ресей мен Үндістанды Батысқа қарсы тұруға шақырды

Сурет: bbc.com сайтынан алынды.

Си Цзиньпин Ресейді, Үндістанды және басқа елдерді Батысқа қарсы тұруға шақырды — Financial Times.

Қытай басшысы ШОС саммитінде әлем «толқулар мен өзгерістерді» бастан өткеріп жатқан кезеңде «тәртіпті көпполярлы әлемді» қолдау қажеттігін айтты.

Ол сонымен қатар еркін сауданы және «әлемдік басқарудың әділеттірек әрі ұтымды жүйесін» жақтауды ұсынды. Бұл АҚШ-қа тікелей шақыру ретінде бағаланады.

Си Цзиньпин «гегемонияға» және «қырғи-қабақ соғыс менталитетіне» қарсы тұратынын айтып, Қытайды «әлемдік тұрақтылықтың тірегі» деп атады.

Саммит қатысушылары ШОС Даму банкін құру бастамасын қолдады. Бұл жобаға Қытай 2010 жылдан бері ұмтылып келеді.

Сонымен қатар Қытай USAID жұмысының жабылуы мен Батыс көмегінің қысқаруына байланысты серіктес елдерге жүздеген миллион доллар құюға уәде берді.

Abai.kz

0 пікір