Қазақстанда промпт-инжиниринг бойынша тегін курс басталды: теориядан дайын AI-ассистентке дейін

«Промпт-инжиниринг негіздері» 15 академиялық сағаттан тұрады және 6 модульді қамтиды. Сабақтар толықтай онлайн форматта өтеді, ал курс мазмұнына тәулік бойы қол жеткізуге болады. Бұл қатысушыларға ыңғайлы кесте құрып, оқуды кәсіби қызметімен қатар алып жүруге мүмкіндік береді.
Курс бағдарламасы:
- Мамандықпен танысу. Промпт-инженер деген кім, оның міндеттері мен жасанды интеллект дәуіріндегі рөлі.
- Негізгі ұғымдарды түсіну. Үлкен тілдік модельдер (LLM) қалай жұмыс істейді, қалай үйретіледі және бизнесте қайда қолданылады.
- Промпт құрудың бастапқы дағдылары. Жүйелік промпттарды жасау және жасанды интеллектпен дұрыс әрекеттесу.
- Жетілдірілген тәсілдер. Нейрожелілермен жұмыс істеудің стратегиялары мен үлгілері, дайын промпт кітапханалары.
- Ассистент жасау тәжірибесі. Telegram-ботпен интеграцияланған, деректер базасы бар жеке AI-ассистент әзірлеу.
- Модернизация және жобалар. Ассистенттің мүмкіндіктерін кеңейту, Google күнтізбеге кіріктіру, жобаларды GitHub-та рәсімдеу.
Аталған курс Lerna компаниясымен серіктестікте әзірленді, бастама жасанды интеллектімен жұмыс істеудің жаңа дағдыларын меңгеріп, оларды тәжірибеде қолданғысы келетін жандареға арналған.
Бұл Astana Hub пен Lerna-ның алғашқы бірлескен жобасы емес. Былтыр қыркүйекте «ЖИ негіздері: ChatGPT» тегін курсы іске қосылып, қазақстандықтардың жасанды интеллект технологияларына деген қызығушылығын арттырған еді. Бүгінде курсқа 220 мыңнан астам адам тіркеліп, олардың 120 мыңнан астамы оқуды сәтті аяқтап, сертификат алды.
Оқыту Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған ауқымды AI Movement бастамасы аясында жүзеге асырылады. Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс» деп атап өткен болатын.
Курс туралы толық ақпарат пен қатысу шарттары Astana Hub платформасында қолжетімді.
Abai.kz