Жұма, 5 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 830 0 пікір 5 Қыркүйек, 2025 сағат 19:53

Қазақстанда 27,6 млн тонна мал азығы дайындалды

Сурет: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен алынды.

2025–2026 жылдардағы қыс маусымына дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жалғасуда.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 22,3 млн тонна шөп (жоспардың 91%-ы), шамамен 1,8 млн тонна сенаж (102,5%), 1,2 млн тонна құрама жем (21%), 700 мың тонна сүрлем (34,4%), 1,6 млн тоннадан астам сабан (34,9%) дайындалды.

Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (115,2%), сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында (100%), Жетісу облысында (99,5%) байқалды.

Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жоспарлы өнім мен төл алу үшін толыққанды азықтандыруды, сондай-ақ жалпы мал басының сақталуын қамтамасыз етеді.

Жалпы республикадағы мал азығымен қамту жағдайы тұрақты.

Abai.kz

0 пікір