Сейсенбі, 9 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 1670 0 пікір 9 Қыркүйек, 2025 сағат 14:58

Үкімет: Инвестиция тартуға кім жауапты?

Сурет: asiafocus.kz сайтынан алынды.

Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр үш күн мерзімде елімізге инвестиция тартуға жауапты бір мемлекеттік органды бекіту жөнінде тапсырма берді.

«Президент инвестиция тарту мәселесі бірнеше мемлекеттік органдардың қарауында екендігіне назар аударды. Ұлттық экономика министрлігіне Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп үш күн мерзімде тиісті өзгерістер енгізе отырып осы бағыт үшін бір жауапты мемлекеттік органды бекіту жөнінде ұсыныстар енгізсін» , — деп тапсырды Олжас Бектенов.

Abai.kz

0 пікір