Сәрсенбі, 17 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 142 0 пікір 17 Қыркүйек, 2025 сағат 13:41

Қазақстанның ұны АҚШ нарығына шықты

Сурет: forbes.kz сайтынан алынды.

Отандық өнім қазірдің өзінде Amazon және Walmart онлайн платформаларында сатылуда. Алғашқы 50 тонна бидай ұны Нью-Йоркке жеткізіліп, Eurasian Legacy брендімен тұтынушыларға ұсынылды.

Бұл – АҚШ-та ұлттық тауарымызды сатудың жаңа стратегиясы аясында жүзеге асқан алғашқы ірі экспорттық жоба. Алдағы уақытта QazTrade қолдауымен ай сайынғы жеткізілім көлемін 100 тоннадан асыру көзделіп отыр, - деп хабарлады Сауда министрлігі.

Amazon-дағы қазақ ұнының бағасы – 1,36 келі қаптамасы үшін $14,50. Қаптамада «Product of Kazakhstan» деген белгі бар. Онлайн саудадан бөлек, қазір қазақстандық ұнды мейрамханаларға, кофеханаларға және жергілікті асханаларға жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Сонымен бірге, АҚШ-тың ірі сауда желілері – Costco, Whole Foods және Trader Joe’s дүкендеріне шығу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

Біз ұнмен ғана тоқтап қалмаймыз. Қарақұмық, гранола, талқан, шоколад пен какаоны да таныстырдық. Нью-Йорк, Чикаго және Вашингтондағы серіктестеріміз бұл өнімдердің сапасын көрді. Американың нарығына шығу шілде айында Вашингтонда QazTrade кеңсесі ашылғаннан кейін мүмкін болды, - деді QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров.

QazTrade – ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанындағы экспортты дамытуға жауапты бірыңғай оператор.

Abai.kz

0 пікір