Сәрсенбі, 24 Қыркүйек 2025
Қоғам 240 0 пікір 24 Қыркүйек, 2025 сағат 13:22

Ұсыныс: Әр азамат өз атымен аталсын!

Коллаж: egemen.kz сайтынан алынды.

Біздің бүгінгі ресми құжаттарымызда азаматтардың аты-жөні кеңестік жүйе үлгісімен әлі де қате жазылып жүр.

Яғни, әуелі тегі, содан кейін аты, соңынан әкесінің аты көрсетіледі.

Бұл – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріне қайшы.

Қазақтың дала заңында әрқашан:

Бірінші – адамның өз аты,

Екінші – әкесінің аты,

Үшінші – тегі (әулеті, руы) жазылып келген.

Сондықтан да Қазақстан Республикасының азаматының аты-жөні былайша жазылуы тиіс:

Жәнібек Сүйеуұлы Қожық

(қазіргі қате жазылуы: Қожық Жәнібек Сүйеуұлы).

Бұл мәселені түзеу – ұлттық болмысымызды сақтаудың, ата-бабамыздың дәстүріне адал болудың бір жолы.

Адамды өз атымен атау – қазақы тәрбиенің, үлкенді сыйлаудың, ұрпақ сабақтастығын құрметтеудің көрінісі.

Біз ресми құжаттардағы осы олқылықты түзетіп, қазақтың аты-жөнін ұлттық дәстүрге сай жазуды заң жүзінде бекітуді талап етеміз!

Егер бұл бастама дұрыс деп санасаңыздар, қолдауларыңызды сұраймыз.

Халық болып қолдасақ – билікке нақты талап қоя аламыз!

Ұсынысымыз: Қазақстан Республикасы азаматтарының аты-жөні «Аты – Әкесінің аты – Тегі» тәртібімен ресми құжаттарға енгізілсін!

Сурет: Автордың жеке мұрағатынан алынды.

Жәнібек Сүйеуұлы Қожық

Маңғыстау облысы, Онды ауылы

Abai.kz

0 пікір