Бейсенбі, 25 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 155 0 пікір 25 Қыркүйек, 2025 сағат 14:27

Қазақ тіліндегі бизнес-білім мәселесі талқыланады...

Сурет: Ұйымдастырушылардан алынды.

Қазақстандағы кәсіби менеджерлер тапшылығы мен қазақ тіліндегі бизнес-білім мәселесі талқыланады.

Қазақстан экономикасына кедергі болып отырған басты мәселелердің бірі – кәсіби менеджерлердің жетіспеушілігі. Сарапшылардың айтуынша, басқарушылық шешімдердің сапасы төмен болған сайын кәсіпорындардың тиімділігі де, елдің жалпы экономикалық дамуы да тежеледі.

Сонымен қатар, бизнес саласында қазақ тілі толыққанды қолданысқа ене алмай отыр. Оның негізгі себептерінің бірі – мемлекеттік тілде жүйелі әрі сапалы басқарушылық білімнің болмауы.

Осы мәселелерді талқылау және ұлттық тілде кәсіби білім беру ісінде жаңа қадам жасау мақсатында 26 қыркүйек күні Алматыда META Университетінде Qazaq MBA бағдарламасы таныстырылады. Бұл бағдарлама – қазақ тілінде толыққанды MBA білімін беруді көздейтін алғашқы жоба.

Талқыланатын тақырыптар:

  • Қазақстандағы менеджерлер тапшылығының себептері;
  • Қазақ тілінің бизнестегі орны мен болашағы;
  • Халықаралық тәжірибені ұлттық ортаға бейімдеу жолдары.

Жиын барысында панельдік пікірталас ұйымдастырылып, журналистерге сұрақ қою мүмкіндігі беріледі.

Іс-шара уақыты мен орны:
26 қыркүйек 2025 ж., 15:00
Алматы қ., Төле би көшесі, 109Б, META Университеті

Abai.kz

0 пікір