Сәрсенбі, 1 Қазан 2025
Жаңалықтар 110 0 пікір 1 Қазан, 2025 сағат 14:33

Енді кез келген банктің QR-ымен төлем жасай аласыз

Сурет: kaz.nur.kz сайтынан алынды.

Ұлттық банк тұтынушыларға осындай мүмкіндік ұсынып отыр. Яғни Ұлттық банк банктердің мобильді қосымшалары арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу үшін банкаралық QR-төлемдер сервисін іске қосты. Аталған бастама «Ұлттықтөлем корпорациясы» АҚ базасында жүзеге асты.

«Сервис клиенттерге кез келген банктің пайдасына банкаралық QR-төлемдерді қабылдауға және жүзеге асыруға мүмкіндік бере отырып, банктердің төлем қызметтерін кеңейтеді. Бүгіннен бастап банкаралық QR-төлемдер сервисі «БанкЦентрКредит» АҚ, «Home Credit Bank» АҚ және «Freedom Bank» АҚ клиенттеріне қолжетімді. Операция жасау үшін сатып алушы клиент банктің мобильді қосымшасына кіріп, сатушының (сервиске қатысушы банктердің бірінде қызмет көрсетілетін) терминалында QR-кодты сканерлеп, төлемді растауы қажет», деп түсіндіреді бас банк баспасөз қызметі.

Ұлттық банк сарапшыларының айтуынша, банкаралық QR-төлемдерді іске қосу банктер арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттырады, ыңғайлы етеді және тұтынушы үшін төлем қызметтерінің қолжетімділігін кеңейтеді.

Бұл жұмыс кезең-кезеңімен әрі қарай жалғасады. Ол үшін басқа банктер осыжұмысқа қатысты ішкі үдерістерді бейімдеуі тиіс.

Дереккөзі: Мың теңге телеграм арнасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Заң және Тәртіп:

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 280
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 380
Әдебиет

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 192