Сәрсенбі, 1 Қазан 2025
Жаңалықтар 978 0 пікір 1 Қазан, 2025 сағат 21:16

«Достық-Мойынты» теміржолының екінші желісі – стратегиялық маңызға ие!

Сурет: aikyn.kz сайтынан алынды.

ҚР Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов «Достық-Мойынты» теміржолының екінші желісінің ашылуы елімізге бірнеше стратегиялық себептер бойынша қажеттігін айтты, – деп хабарлайды Aykin.kz.

Оның айтуынша, ең алдымен  «Достық-Мойынты» теміржол жобасы Қазақстанға транзиттік және экспорттық әлеуетті арттыруға, жеткізу мерзімдерін қысқартуға, халықаралық көлік дәліздерін дамытуға үлесі зор.

– Біріншіден, транзиттік және экспорттық әлеуетті арттыра түседі. Бұл учаске Қазақстанды Қытаймен Достық шекаралық бекеті арқылы байланыстырады. Екінші теміржол желісінің салынуы өткізу қабілетін едәуір кеңейтіп, жүк қозғалысын жеделдетуге мүмкіндік береді. Транзиттен табыс табатын ел үшін бұл – аса маңызды.

Екіншіден, жеткізу мерзімдерін қысқарта түспек. Қосымша жолдардың арқасында жүктің қозғалысы қарқынды бағытта жылдамдайды. Бұл Қазақстан арқылы өтетін «Қытай–Еуропа» бағытының балама дәліздермен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Үшіншіден, халықаралық көлік дәліздерін дамыта түседі. Жоба негізгі бастамалардың құрамдас бөлігі болып саналады, олар – Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) және «Солтүстік–Оңтүстік» дәлізі. Ол Қазақстанға Қытайды, Орталық Азияны, Ресейді, Еуропаны және Парсы шығанағы елдерін байланыстыратын аймақтық хаб ретіндегі мәртебесін бекітуге көмектеседі.

Төртіншіден, экономикалық әсерде бар. Атап айтсақ, транзит көлемінің артуы валюталық түсімдер әкеледі. Жоба ілеспе инфрақұрылымның құрылысын ынталандырады. Сонымен қатар өңірлерде жұмыс орындары ашылады.

Бесіншіден, бұл жобаның геосаяси маңызы зор. Стратегиялық теміржол торабын бақылауда ұстау – Қазақстанның жаһандық логистикалық тізбектердегі сенімді серіктес ретіндегі рөлін күшейтеді. Бұл елдің Қытаймен, Ресеймен, ЕО-мен және өзге де ойыншылармен келіссөздердегі позициясын нығайтады. Қорытынды: «Достық-Мойынты» тек теміржол желісі туралы емес, ол Қазақстанның жаһандық саудадағы рөлін күшейту, экономиканың өсуі және геосаяси ықпалын бекіту, – дейді Вице-министр Жәнібек Тайжанов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Заң және Тәртіп:

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 324
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 2205
Әдебиет

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 282