Жұма, 3 Қазан 2025
Жаңалықтар 80 0 пікір 3 Қазан, 2025 сағат 15:28

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы Ұлытау облысына барды

Сурет: Шара ұйымдастырушыларынан алынды.

Қазақстан Руспубликасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 26 қыркүйек - 02 қазан аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Ұлытау облысына  іс-сапарға барды.

Аталған іс-сапардың мақсаты Халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және діни экстремизмнің алдын алу.

Қалада жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Әуезов Ғабдол Жанділдәұлы- Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің аға оқытушысы, тарихшы, Тусупбеков Жаркын Амантаевич- Мәдениеттанушы, Қарағанды техникалық университеті әлеуметтікгуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы,  Сейтжанова Гүлбану  Орынбасарқызы - «Қоғамдық келісім орталығы» директоры, психолог, Әмірбек Сұлтан Айдарұлы - «Діндерді зерттеу орталығы» теолог, исламтанушы, дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Түсіндіру тобының мүшелері Ұлытау облысы аумағында мектеп, колледж және ауылдық округтер базасында болды. Олар халық арасында Қазақстанда өмір сүретін барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт қатар өмір сүруі мен әрекеттесуіне бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасы, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың қауіптілігі туралы өңір тұрғындарын ақпараттандыру және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жұмыссыздар, жазасын өтеушілер, мектеп оқушылары, колледж студенттері мен мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындары т.б. топтар қамтылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 522
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 8618
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 526