Сейсенбі, 7 Қазан 2025
Жаңалықтар 143 0 пікір 7 Қазан, 2025 сағат 14:15

Air Astana мен Fly Arystan-ға қатысты тексеріс жүреді

Коллаж: qaz.ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Көлік министрлігінің мәліметінше, соңғы уақытта әуе компанияларының жұмысына қатысты шағымдар көбейген. Азаматтар негізінен рейстердің уақытылы орындалмауы мен жолаушыларға қызмет көрсету сапасына наразы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет отырысында рейстердің кешігуі, әуе кемелерін ауыстыру, әуежайларда кезектердің пайда болуы және жолаушылардың құқықтарының бұзылуы сияқты мәселелер қаралды. Сондай-ақ ұшулардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету және қысқы маусымға дайындық барысы талқыланды.

– Қазіргі уақытта әуе кемесін ауыстырған жағдайда өтемақы тек бизнес-класс жолаушыларына ғана төленеді. Вице-министр әуе компанияларына ұшақтарды өз еркімен ауыстыруға тыйым салу және резервтік әуе кемелерін алдын ала қарастыруды тапсырды. Яғни Fly Arystan рейстерін тек Fly Arystan ұшағымен, ал Air Astana рейстерін тек Air Astana ұшағымен ауыстыру қажет. Талғат Ластаев маусымдық жүктеме кезеңінде рейстердің уақытылы орындалуын арттыру үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды, – деп хабарлады Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.

Отырыста сондай-ақ жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен жердегі қызметтердің жұмысына назар аударылды. Әсіресе әуежай қызметкерлерінің жолаушыларға дөрекі қарым-қатынас жасауы сынға алынды. Әуе компаниялар мен әуежай басшылығына қызмет көрсету сапасын жақсарту, қызметкерлердің дайындық деңгейін арттыру және мәдениет жөніндегі тренингтер өткізу тапсырылды. Сондай-ақ кезектерді болдырмау үшін тексеру рәсімдерін оңтайландыру қажет екені айтылды.

– Fly Arystan әуе компаниясында онлайн тіркелу ұшуға 30 күн қалғанда ашылады. Алайда әуежайда тіркелу қызметі ақылы болып табылады. Бұл мобильді құрылғыларды пайдалана алмайтын қарт жолаушылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қиындық туғызады. Министрлік осындай азаматтарға арналған қосымша қызмет көрсету тетіктерін әзірлеуді тапсырды, – деді Азаматтық авиация комитеті өкілдері.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (ААҚ) инспекторлары екі апта бойы Астана мен Алматы әуежайларындағы ұшып шығу және келу залдарында болып, рейстердің кешігуін бақылап, жолаушылар арасында сауалнама жүргізеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 701
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9496