Сәрсенбі, 8 Қазан 2025
Билік 338 0 пікір 8 Қазан, 2025 сағат 13:40

«Адамға бағытталған құқықтық архитектура»

Сурет: Видео скрині.

Қазақстан Варшавада демократиялық реформаларды таныстырды

Варшавадағы Адам құқықтары жөніндегі конференцияда «Ұлттық өркендеуге жәрдем қоры» қоғамдық қорының директоры Үсен Сүлеймен Қазақстанның қазіргі таңда құқықтық кепілдіктерді, соттардың тәуелсіздігін және сөз бостандығын нығайтуға басымдық беріп отырғанын атап өтті.

Оның айтуынша, соңғы жылдардағы реформалар азаматтардың құқықтары барлық деңгейде қорғалатын ашық әрі инклюзивті мемлекет қалыптастыруға бағытталған.

Негізгі қадамдардың бірі – Конституциялық соттың қайта қалпына келтірілуі. Бұл азаматтарға өз құқықтарын қорғау үшін тікелей жүгіну мүмкіндігін берді. Сондай-ақ омбудсменнің мәртебесі арттырылып, әкімшілік әділет жүйесі дамуда.

«Бұл – адамға бағытталған елдің жаңа құқықтық архитектурасының маңызды элементі», – деді ол.

Биылдан бастап сот билігінің тәуелсіздігін және әділет жүйесіне деген сенімді күшейтетін жеке кассациялық соттар жұмыс істей бастады.

Сөз бостандығы мен азаматтық қатысу саласында да айтарлықтай өзгерістер орын алды. Қоғамдық іс-шараларды өткізу үшін хабарлама беру жүйесі енгізілді. Бұл азаматтарға өз пікірін білдіру және жиналу жөніндегі конституциялық құқықтарын еркін жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Бұдан бөлек, петициялар порталы іске қосылды. Қазіргі уақытта азаматтардан 100-ден астам бастама келіп түсті. Олардың көпшілігі Үкімет деңгейінде қаралуда, бұл қоғамдық диалогтың жаңа тетігіне айналды.

«Қазақстан қоғам мен мемлекет арасындағы сенім инфрақұрылымын дәйекті түрде қалыптастырып келеді. Бұл – демократиялық үдеріс, оны жоғарыдан енгізу мүмкін емес, ол төменнен, азаматтық бастамадан өсіп шығады», – деп атап өтті Үсен Сүлеймен.

Өз сөзін қорытындылай келе, ол Қазақстанның демократия институттары мен адам құқықтарын қорғау жүйесін әрі қарай да нығайта беретінін, халықаралық стандарттарға адал бола отырып, азаматтардың мемлекеттің қоғамдық өміріне қатысуының өзіндік қазақстандық үлгісін дамытатынын айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 737
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9663