Жұма, 10 Қазан 2025
Жаңалықтар 288 0 пікір 10 Қазан, 2025 сағат 14:22

Қазақстан Ресеймен миграциялық келісім жасасты...

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметінен алынды.

Соңғы уақыттары Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарада миграциялық мәселе ушығып, ондаған жүк көлік жүргізушілері Ресей аумағынан депортациялануы мүмкін деген сөз шыққан. Бұл қоғамда алаңдаушылық тудырған.

Қазақстан Үкіметі Ресей Үкіметімен келіссөз жүргізіп, аталған мәселені жедел әрі оңды шешуге шешім қабылдапты. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Болатбек Алиев хабарлады.

«Жаңымды жаңалығым бар: Біз біз мыңдаған жұмыс орны мен жүргізушілерімізді құтқарып қалдық. Бірнеше күн бойы тынымсыз жұмыс жасалды. Нәтижесі жақсы. Қазақстан Үкіметі Ресей Федерациясындағы әріптестермен келіссөз жүргізіп, Ресейдегі жаңа миграциялық шектеу ережелерін жүк көлігі жүргізушілері мен жолаушылар тасымалдаушы жүргізушілерге қолданбауға келісті», - деп жазды Мәжіліс депутаты.

Бұл дегеніңіз:

* Қазақстандық тасымалдаушыларға енді «90 күн болу» ережесі қолданылмайды;

* Жаппай депортация мен айыппұлдар тыйылды;

* Ең алдымен біздің жүргізушілер жұмыс істейтін шағын автокөлік компанияларында мыңдаған жұмыс орындары сақталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 797
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9845