Сейсенбі, 21 Қазан 2025
Жаңалықтар 1143 0 пікір 21 Қазан, 2025 сағат 15:17

ТЖМ: Газ баллон жарылыстары көбейді

Сурет: GOV.KZ сайтынан алынды

Қазақстанда ескірген тұрмыстық газ баллондарын пайдалану мәселесі өзекті болып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңірлерде газ баллон жарылу оқиғаларының орын алуы жиілеген.

«Биыл қызметкерлер өрт орнынан шамамен 1,5 мың газ баллонын шығарып, адам өліміне жол бермеді. Былтыр ескірген тұрмыстық газ баллондарын пайдалану мен оларды таңбалау мәселесін көтерген болатынмын. Қазір екі қалада – Щучинск және Степногорскте оларды қолданылуды бақылаудың бірыңғай есебін жүргізуге мүмкіндік беретін газ баллондарды таңбалау жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Алайда қазақстандық газ баллондар өндіру және тозығы жеткендерін жою мәселелері шешілмеген күйінде қалып отыр», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр газ баллондардың қолданылуын бақылау Энергетика министрлігінде, өндіру мәселесі – Өнеркәсіп және Ұлттық экономика министрліктерінде екенін алға тартты.

«Осыған байланысты, әкімдіктердің жанындағы тұрғын үй комиссиялары газ тұтыну жүйелері мен жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды күшейтуі қажет. Жылыту маусымы айрықша бақылауымызда тұрғанын атап өткім келеді», - деп жалғады Шыңғыс Әрінов.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1017
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10347