Сейсенбі, 4 Қараша 2025
46 - сөз 201 0 пікір 4 Қараша, 2025 сағат 15:06

Ақынның күлкісі

Сурет: автордың жеке парақшасынан алынды

Мұқағали десе, мұң келетін көз алдыма,

Бәлкім, "жаман қатын, жас бала, жұтаған үй" деген секілді жыр жолдарын оқып өскен соң ба...

Болмаса, оны ылғи да тағдырдың теперішін, тұрмыстың таршылығын көп көрді деп естігендіктен бе...

Көз алдыма үнемі қабағы қатулы, жанарын мұң торлаған ақын елестейтін.

Бірақ...

Бүгін мына суретті көріп, жүрегім бір түрлі елжіреп кетті.

Мұқағали жымиып отыр...

Жай бір сәт - бірақ

жүзінде сәуле, жанарында мейірім тұнып тұр.

Мен бұл суреттен ақын емес, кәдімгі адами болмысты көрдім

Жүзінен мұң емес, бір тыныштықты көрдім.

Бәлкім, ұлы ақынның жүрегі дәл осы кезде өмірге іңкәр болған шығар...

Әйтеуір сондай шуақты сәт...

Сондықтан сіздермен бөліскім кепіп кетті.

Мұқағали. Жылы жымиыс. Мәңгілік тыныштық.

Мариям Абсаттар

Abai.kz

 

0 пікір