Сейсенбі, 11 Қараша 2025
Жаңалықтар 100 0 пікір 11 Қараша, 2025 сағат 15:29

ТМД елдерінің «Мәдениет. Медиа. Цифр» форумы өтті

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен алынды.

Қазақстандық кинематографистер ТМД елдерінің «Мәдениет. Медиа. Цифр» форумына қатысты.

Мәскеуде ТМД елдерінің мәдениет пен медиа саласына арналған «Мәдениет. Медиа. Цифр» форумы өтті.

Жиынға медиа, IT, маркетинг, PR және кино саласының кәсіби мамандары қатысты. Форумға Қазақстан атынан режиссер Гүлшат Смағұлова мен Серік Әбішев қатысты.

«Шатыр тұрғындары» фильмінің авторы Гүлшат Смағұлова өз туындысы туралы айтып, фильм Алматының болмысын, қаладағы күнделікті өмірдің көңіл-күйін жеткізетінін атап өтті. Оның айтуынша, оқиғаны табиғи және шынайы жеткізу арқылы әлеммен тілдесуге болады.

Серік Әбішев 2015 жылы Алматыда құрылған «Партизандық қозғалыс» жобасын таныстырды. Бұл – тәуелсіз кино түсіретін жас режиссерлердің қауымдастығы.

«Біздің тарихымыздағы беймәлім деректерді іздеп табуға және оны кино арқылы жеткізуге болады. Мұндай мысалдар біздің мемлекеттеріміздің тарихында өте көп», – деп атап өтті кинематографист.

Іс-шара медиа мен технологияның өнерге қалай жаңа серпін беріп жатқанын айқын көрсетті. Форум барысында медиа кеңістіктің өзгеруі, блогерлердің ықпалы, цифрлық құралдардың даму үдерісі және ТМД елдерінің креативті саладағы ынтымақтастығы кеңінен талқыланды.

Abai.kz

0 пікір