Бейсенбі, 20 Қараша 2025
Жаңалықтар 170 0 пікір 20 Қараша, 2025 сағат 14:17

Рұқсатсыз фото-видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін

Сурет: time.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда адамдарды олардың келісімінсіз фотоға және видеоға түсіруге тыйым салу мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бастаманың мақсаты – азаматтардың жеке өмірін қорғау. Қазір кез келген адамды қоғамдық орындарда жасырын немесе рұқсатсыз түсіріп, әлеуметтік желіге жариялау кең тараған.

«Бұл бастама – шенеуніктерді қорғау емес, қарапайым адамдардың жеке кеңістігін сақтау туралы. Азаматтар өздерін пранкерлер жасырын түсіріп, әдепсіз әрекеттерге итермелейтінін айтып, жиі шағынады. Кейбірі тіпті үйінен шығуға қорқатынын айтады», – деді Аида Балаева.

Оның сөзінше, бұл мәселені шешу үшін арнайы жұмыс тобы құрылып жатыр. Топқа БАҚ өкілдері мен заңгерлер де тартылады. Олар кімді, қашан және қандай жағдайда түсіруге болатынын анықтайтын нақты ережелерді дайындайды.

Abai.kz

0 пікір