Бейсенбі, 11 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 128 0 пікір 11 Желтоқсан, 2025 сағат 15:43

КҚК-ға шабуыл: шығын көлемі – 480 мың тонна

Сурет: arbatmedia.kz сайтынан алынды.

11 желтоқсанда Астанада энергетика министрі Ерлан Ақкенженов журналистерге осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық Радиосы жазды.

«[Каспий құбыр консорциумына шабуылдың өндіріске әсер еткені] сөзсіз. Қазіргі кезде шығын көлемі – 480 мың тонна», - деді Ақкенженов.

Оның сөзінше, мұнай өндіру жоспары соған қарамастан орындалмақ. Бұған дейін жөндеуде болған үшінші айлақ қондырғысы 15 желтоқсанға дейін іске қосылады. Ал дрон шабуылының салдарынан бұзылған айлақ қондырғысының жүзгіштігі қалпына келтіріліп жатыр, әзірге оның жарамдылығына қатысты шешім қабылданбаған.

«Тым қатты бүлінген, үш те екі жарым метрлік шұңқыр бар, өте үлкен», -деді министр. Ол сонымен бірге Қазақстан Каспий құбыр консорциумынан бас тартпайтынын, оған «балама» бағыт жоқ екенін айтты.

Abai.kz

0 пікір