Дүйсенбі, 22 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 117 0 пікір 22 Желтоқсан, 2025 сағат 16:25

Путин Қырғыз, Тәжік, Өзбек басшыларын марапаттады

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Садыр Жапаров, Эмомали Рахмон және Шавкат Мирзиеев Лев Толстой атындағы Халықаралық бейбітшілік сыйлығымен марапатталды.

Сыйлық 2025 жылы Орталық Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы үлесі үшін берілді. Марапаттау 21 желтоқсанда Санкт-Петербургте өтті.

Президенттер бірлескен жұмысқа берілген бағасы үшін алғыс айтып, ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Бұған дейін үш ел шекаралары туралы келісім мен Мәңгілік достық туралы Хожант декларациясына қол қойған еді.

Abai.kz

0 пікір